Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев баяндап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org-ке сілтеме жасай отырып.
56 жастағы депутаттың өлі денесі 5 - тамыз күні өз үйінен табылған. Қайрат Терлікбаев қоштасу хатын қалдырмаған. Депутаттың денесі Меркі ауылындағы медициналық тексеруге жіберілді.
Қайрат Терлікбаев көзі тірісінде «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның рельс дәнекерлейтін кәсіпорындарының бірін басқарған.
Қазіргі таңда бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, «Өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Пікір қалдыру