Пәкістанда жарылыс болды, адам шығыны бар

/uploads/thumbnail/20170808135429662_small.jpg

Пәкістанның шығысында жарылыс болып, 22 адам зардап шекті. Жарылыс Лахоре қаласында орын алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters мәліметіне сүйеніп.

Жарылғыш зат жемістер тиелген жүк көлігінде болған.

Айта кетсек, осыдан бір ай бұрын Лахоре қаласында Талибан содырларының бірі өзін жарып жіберген. Нәтижесінде 25 адам қаза тапты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар