Францияда тағы бір теракт орын алды. Нәтижесінде әскери қызметкерлер жапа шекті. Шабуыл салдарынан 6 адам жараланды. Тағы 2 адамның жағдайы мүшкіл. Құқық қорғаушылар шабуылды алдын ала ұйымдастырылған деп отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 10minut.info мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Жарақат алған 6 әскери қызметкердің өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға Париж қаласының солтүстік-батысындағы Леваллуа аймағында орын алған. Қызметкерлерге шабуыл жасаған көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері қылмыскерді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шабуылшының не мақсатты көздегені әзірге белгісіз.
Айта кетсек, 2015 жылдың қараша айынан бастап Францияда түрлі қылмыстық оқиғалар орын алуда.
Пікір қалдыру