Латвия мектептерінде орыс тілінде емтихан тапсыруға тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170809183243977_small.jpg

Латвия билігі 9 және 12-ші сыныпта тапсырылатын емтиханды тек мемлекеттік тілде тапсыруға үкім шығарды. Басқа тілдерде тапсыруға қатаң тыйым салды. Соның ішінде елдің Білім министрлігі орыс тілінде тапсырылатын емтихандарға баса назар аударды.  Өзгеріс алдағы оқу жылынан бастап өз күшіне енеді.  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Meduza.io сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы уақытқа дейін елдегі барлық мектептерде 9-сынып оқушылары емтиханды қай тілде тапсыратынын өздері таңдайтын. Енді тек 9-сынып ғана емес 12-сынып оқушылары да емтиханды мемлекеттік тілде тапсырады.

2009 жылдан 2016 жылдары емтиханды латыш тілінде  тапсырған оқушылардың саны 60-тан 85 пайызға өскен.

Айта кетсек, Латвияда орыс тілінде сабақ жүргізетін 168 бастауыш мектеп пен 108 орта мектеп бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар