АҚШ тұрғындары Мексикадан келген жемістен жаппай уланып жатыр

/uploads/thumbnail/20170810135522487_small.jpg

АҚШ-тың 16 штатында жүзге жуық адам Мексикадан әкелінген папайядан уланып қалды. 100 адам ауырып, 35 адам ауруханаға жеткізілді, Нью-Йоркте 1 адам көз жұмды. Жемістерден сальмонелл бактериялары табылған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ВВС мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Улы жемістер АҚШ-қа Caribena, Cavi, valery маркаларымен жеткізіліп отырған. Келеңсіз жағдайға байланысты аталған маркадағы жемістер сатылымнан алынып тасталды.

Уланғандар мамыр айынан бастап тіркелген. Маусым айына дейін олардың саны 21-ге жеткен. Ал тамыз айында олардың саны 47-ні көрсетті. Соңғы үш аптаның ішінде тіркеудегі адамдар саны 109-ға жетіп отыр.

Айта кетсек, сальмонелл бактериялары диарея, асқазанның түйілуі, безгек ауруын туғызады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар