«Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру туралы

/uploads/thumbnail/20170817102351602_small.jpg

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10,2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді (99 мың пәтер) пайдалануға беру күтіліп отыр. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй (25 мың пәтер) берілмек, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 7 айында барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,2 млн. шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға жоғары көрсеткіш. Мемлекеттік инвестиция есебінен 541,3 мың шаршы метр (8,7%).

Алматы облысындағы тұрғын үй енгізу көрсеткіштерінің төмендегенін (75,8%) қоспағанда, республиканың 15 өңірінде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемдерінің  арттуы байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда Батыс-Қазақстан (70,6%), Жамбыл (45,7%), Павлодар (39,4 %), Кызылорда (35,9%), Солтүстік Қазақстан (32,1%),  Маңғыстау (33%) облыстарында тұрғын үй енгізудің қарқыны жоғары.

Республика бойынша 53 949 баспана пайлануға берілген.

Оның ішінде:

- 16 446 жеке үй (2597 мың кв. м. немесе пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 42%-ы).

-  көппәтерлі үйлерде 37 503 пәтер (3601 мың кв. м. немесе жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй 58%). 

Бағдарлама аясында 541,3 мың кв.м тапсырылды (8 829 пәтер). 

- 150,8 мың кв.м (2181 пәтер) – кредитті тұрғын үй ЖАО;

- 240 мың кв.м (3959 пәтер) - «Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғын үйі;

- 39 мың кв.м (669 пәтер) – аяқтау бағытында ӨДБ;

- 111,5 мың кв.м. (2020 пәтер)- арендалық тұрғын үй  «ҚИК» ИҰ» АҚ.

2016 жылы бағалы қағаздарды шығару есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы Ұлттық қордан 67 млрд. теңге бөлініп, оның 56,9 млрд. теңгесі немесе 85,1 %-ы игерілді.

Бұл бөлінген қаржыға 2016-2018 жылдары 623,9 мың шаршы метр тұрғын үй (9852 пәтер) салу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 1 тамызында 173,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе жоспардың 27,7%-ы (2449 пәтер). Оның ішінде 2017 жылы 150,8 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды(2181 пәтер).

Биыл жылдың соңына дейін тағы 4373,9 мың шаршы метр (6324 пәтер), 2018 жылы 76,9 мың шаршы метр тұрғын үйді (1079 пәтер) тапсыру жоспарланып отыр.

 «Байтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша 2016 жылы бөлінген 113 млрд. теңгенің 95,6 млрд. теңгесіне келісім бекітілді. Ағымдағы жылдың 1 тамызында 72,5 млрд. теңге немесе 75,8% игерілді. 17,4 млрд. теңгеге шарт жасалған жоқ.

2016-2018 жылдары жалпы алаңы 588,7 мың шаршы метр болатын тұрғын үй(9831 пәтер) салу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 тамызында 368,5 мың шаршы метр тұрғын үй (5995 пәтер) пайдалануға берілді немесе жоспардың 62,6% орындалды. Оның ішінде 2017 жылы 240,0 мың шаршы метр тұрғын үй (3959 пәтер) тапсырылды.

Биыл жыл соңына дейін 149,7 мың шаршы метр (2611 пәтер), 2018 жылы 70,5 мың шаршы метр тұрғын үйді (1225 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.

Бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлерді сатып алуды қамтамасыз ету үшін ҚТҚЖБ салымшыларын несиелеу мақсатында Ұлттық қордан 22 млрд. теңге бөлінді. Оның 7,5 млрд. теңгесі ( 2016 ж. – 2,9 млрд. теңге, 2017 ж. – 4,6 млрд. теңге) немесе 34%-ы игерілді.

Қаржыны игеру «Бәйтерек девелопмент» АҚ мен жергілікті атқарушы органдардың құрылысты аяқтап, тұрғын үйді тапсырғанда жүзеге асырылады.

«Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ бөлінген 97 млрд. теңгенің 72,1 млрд. теңгесіне келісім бекітті. Ағымдағы жылдың 1 тамызында құрылыс салушыларға 42,2 млрд. теңге аударылып, оның 42,2 млрд. теңгесі немесе 58,5%-ы игерілді. 25,8 млрд. теңгеге шарт жасалған жоқ.

Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақста облыстарында алаңы 306,4 мың шаршы метр (6048 пәтер) болатын 7 жобаның құрылысы жүріп жатыр. Бұл құрылыстарды 2018 жылдың наурыз-маусым айларында аяқтау жоспарланып отыр.

2017 жылы сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үйлердің құрылысына 25 млрд. теңге мақсатты трансферт бөлінді және өңірлерге 1,5 млрд. теңгеден таратылды.

Өңірлерге аударылған 10,4 млрд. теңге қаржының 1 тамыздағы есебі бойынша 9,5 млрд. теңгесі немесе 91%-ы игерілді. Биыл 150 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға, соның ішінде жеке тұрғын үй салынып жатқан жерлерге инженерлік коммуникация тартуға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 83,4 млрд. мақстатты трансферт бөлінді. Оның ішінде 45,5 млрд. теңгесә ЖТҚ аудандарына.

Өңірлерге аударылған 44,2 млрд. теңгенің 1 тамыздағы есеп бойынша 39,2 млрд. теңгесі немесе 88,5%-ы игерілді.

Жоғарыда көрсетілген қаржыға 3633 шақырым желі тарту жоспарланған. Оның ішінде 60 мың жеке тұрғын үй құрылысы салынатын жер учаскелерін қамту көзделген.

Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында көп көлемде жер учаскелерін инженерлік коммуникациямен қамтамасыз ету жоспарланған.

Аяқталуға бағытталғандар бойынша.

«ҚИК» АҚ бюджет қаражаты есебінен жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және сатып алуына 163,3 млрд. теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бөлінді (Ұлттық қордан -115 млрд. теңге, РБ- 48,3 млрд. теңге). 144,2 млрд. теңге немесе 88,1% игерілді.

Жалға берілетін тұрғын үй ретінде 15247 пәтер (2015 ж -7234 пәтер, 2016 ж – 5993 пәтер, 2017 ж -2020 пәтер) салынды және сатып алынды.

Қосымша 3407 пәтер (190,1 мың ш. м) тапсыру жоспарда, оның ішінде жылдың соңына дейін – 2460 пәтер (139,2 мың ш. м), 2018 жылы - 947 пәтер (50,9 мың ш. м).

Жаңа бағыттар бойынша.

Бағдарлама аясында құнды қағаздар шығару арқылы Жергілікті атқарушы органдар кредиттік тұрғын үйге қарастырылған қаржыға бір сәулеттік стилдегі жеке тұрғын үйлердің құрылысының пилоттық жобасын іске асыру жоспарланған.

6 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды. Алаңы 219,3 мың шаршы метр болатын 1975 үйдің құрылысы басталды, оның ішінде 4 өңірде объекктерді тапсыруы ағымдағы жылы жоспарланды (362 ЖТҚ).

Ақтөбе обл. - 423 үй (2017 ж. – 194 үй); Қостанай обл.- 279 үй (2017 ж. – 100 үй); СҚО – 200 үй (2017 ж. – 20 үй); Алматы обл.- 607 үй (2017 ж. – 48 үй);

Жамбыл облысында – 300 үй (енгізуі 2018 ж); ОҚО - 166 үй (енгізуі 2018 ж).

Министрлік осындай үй құрылыстары үшін 6 типтік жобаны әзірлеп, өңірлерге қолдануға бағыттады.

Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру аясында жыл сайын 3 жыл қатарынан жеке құрылыс салушыларды несиемен субсидиялау үшін 11 млрд. теңгеден бөлуді қарастырып отыр.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 11 млрд. теңгені жоспар бойынша қаржыландыру операторы «Даму» КДҚ» АҚ-на 5,3 млрд. теңге аударылды. Бүгінгі күні 7 банк құрылыс компанияларын кредиттеу жобасына қатысатынын расстады.

 7 банктің қарауына (БанкЦентрКредит, АТФБанк, Сбербанк, Нурбанк, Евразийский банк, Казкоммерцбанк, Цеснабанк) 50 млрд. теңге сомамен алаңы 451 мың ш.м құрайтын жеке құрылыс салушылардың 24 жобасы келіп түсті, оның ішінде банктермен 5 жобасы мақұлданды, оның ішінде әкімдіктердің жаңындағы үйлестіруші кеңесінмен 7,2 млрд. теңгеге 2 жоба мақұлданды (Ақтөбе обл.-  «Соллерс» ЖШС, Астана қ. - «АлтынШарWest» ЖШС). Банктер 2018-2019 жж. 600 мың ш.м тұрғын үйдің құрылысына 152 млрд. теңгеге субсидияланған кредиттер беруді жоспарлады.  

Жоғарыда көрсетілген займдардың есебінен жеке құрылыс салушылар
282 мың шаршы метр (403 шаршы метрдің 70 %-ы) үй салады, деген жоспар бар.

Жыл сайын 10 жылда халықтың ипотекалық займдарын субсидиялауға 10 млрд. теңгеден бөлу қарастырылған.

Биыл бөлінген 10 млрд. теңгенің жоспар бойынша қаржыландыру операторы «ҚИК» АҚ-на 4,3 млрд. теңге аударылды.

Қажетті заңнамалық акт қабылданғаннан кейін және   екінші деңгейлі банктер мен «ҚИК» АҚ арасында автоматтандырылған деректермен алмасу тәртібі келісілгеннен кейін ағымдағы жылдың шілде айынан бастап 3 банк (БанкЦентрКредит, АТФБанк, Сбербанк) 11 өңірде (Астана, Алматы ққ, Мағгыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Алматы, ШҚО, БҚО) ипотеканы белсенді іске асырып жатыр.

Бүгінгі күні 3 банкпен (БанкЦентрКредит, Сбербанк, АТФБанк) 1,5 млрд. теңгеге 145 өтініш қабылданды және 30 млрд. теңгеге (жоспар 120 млрд. теңге) 2 мың қарыз (жоспар 8 мың) беруді болжайды. Қалған банктер дайындықтың әртірлі сатысында тұр (ішкі дайындық жұмыстары: норомативтәк базаны бекіту, есептеу жүйесін пысықтау және басқасы).

Барлығы 10 банк халыққа жеңілдетілген кредит беруіне қатысуға дайындығын білдірді: «БанкЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «BankRBK» АО, «ҚТҚЖБ», «Цеснабанк» АҚ, «Теngri Bank» АҚ, «KASSA NOVA BANK» АҚ, «Банк ВТБ» АҚ, «Нурбанк» АҚ.

2000 займ беруді қамтамасыз ету үшін ипотекалық портфель көлемі 2017 жылға 30 млрд. теңге болады, деп болжануда.

Жалпы, бағдарламаның ипотекалық несиені арттыруға және құрылыс салушыларға несие беруга бағытталған екінші деңгейлі банк тетіктері баяу іске асып жатқаны байқалады. Оған екінші деңгейлі банктердегі теңгемен қорландыру мерзімінің ұзақтығы, банк құрылымдарының бірігуі, сонымен қатар, банк заңнамасының қатаң талаптары себеп болып отыр.

Қатысты Мақалалар