Қазақ және казактың туыстығы

/uploads/thumbnail/20170708160259792_small.jpg

Казак деген халықтың қайдан шыққаны белгісіз саналады. Кеңес тарихшыларының пікірінше, олар ішкі Ресейден қашқан орыстар мен жергілікті түркітілді тайпалардың бірігуінен пайда болған. Алайда ХVІІІғасырдағы Ресей ғылым Академиясының жазбасы оларды сол заманда Закавказьелік қазақтардан шыққан деген түсініктіңболғанын байқатады.

«Қызметкерлердің пайдасы мен ойын-сауығына арналған шығармалар мен аудармалар» жинағында (1760 ж. сәуір, Санкт-Петербор, Имперл-тор ғылым академиясы) былай көрсетілген: «Кейбір жазушылардың казак атауы «коза» немесе «коса» атауынан шықты деуі немесе оны қарақшы дегенді білдіретін түріктік «казак» немесе «капшак» сөзінен шығаруы дұрыс емес. Грек императоры Константин Багрянородный мемлекетті басқару туралы кітабының 113 бетінде Христостың туылуынан бергі ІХ ғ. өзінде Кавказ тауының оңтүстігіндегі аймақта, яғни Қара және Каспий теңіздерінің арасында орналасқан Касахия туралы айтып кеткен. Ресей жылнамалары бойынша Ұлы Владимирдің ұлы Мстислав Тмутараканский 1021 жылы козаги халқын жеңген. Сол козагилер кейбіреулерге император айтып кеткен халық болып көрінеді. Бірақ тегі кім, қай тілде сөйледі, ол жағы белгісіз, дәл осылайша  Тмутаракань князьдігі мен қаласы туралы да белгісіз. Сондықтан не болсада оны толық сеніммен анықтап білу қиын. Басқалар атаудың ұқсастығын желеу етіп Константин Багрянородный айтып кеткен козагилер біздің ресей казактарының арғы ата-тегі деп ұйғарады. Бірақ қалайша тарихта тек атау ұқсастығынан шыққан мұндай пікірді тиянақты тұжырым деп санауға болады. Өйткені бір халықтың атауы екінші халыққа ауысыуы мүмкін емес».  (Казактар / Уикипедия)

 

Алғашқы казактар Речь Посполитная (Беріш Басболыстығы) мемлекетінің әскері ретінде белгілі болған. Оларды көбіне гайдук (Кайдах) деп кейінгі жазбаларға кіргізген Ресей тарихшылары болуы мүмкін. Жоғарыда Закавказье қазақтарының құмықтарға сіңген тобын «қайдақ» деп әдейі көрсету орын алғанын айттық. Осындай атаулы топтың болғанының дәлелі ретінде Речь Посполитная еліндегі казактар (қазақ) атауын гайдук етуге тырысқан болар(Полша ұзақ заман Ресей Империясы құрамында болғаны еді). Ол мемлекет Польша мен Литовское княжество деп бөлінгені, ал Запорожьеказактары Польс билеушілерінің әскері болғаны мәлім. Дон казактары жайлы одан кейін айтыла бастаған. Сол «Реч Посполис (Беріш Басболыс)» еліндегі казактардың қазақ халқы тайпаларынан екенін көреміз. Арғын, Жалайыр, Үйсүн, Коңырат, Найман тайпалары қазақтар екені даусыз. Оларды Татар-Казаки деуі, Ресей Империясының түркі халықтары атауына «татар» сөзін қосып айту дәстүрінен. Осыны білмегендіктен, сол қазақтардың (прибалтикалықтар) ұрпақтары мен татар халқын туыс санайтыны белгілі. Татар ұлты негізінен қазақ халқының татар деген тайпасынан қалыптасқанын көреміз.

Яков Гришиннің еңбегінде жазылғандай: «14-15 ғғ. межесінде Ұлы Литва князьдігіне жаппай қоныстанған польск-литов татарлары (Алтын Орда мұрагерлері) әлеуметтік жіктелімге бөлінген, құқығы жағынан шляхтаға теңестірілген ақсүйек татарлар мен қызметтік боярларға теңестірілген татар-казактар. Татар-Казактар рулық-тайпалық: Баргын, Джалаир, Хушин, Конграт, Найман, Улан (басқа рулардан жоғары және Шыңғысидтер басқаратын ру) қорықтарында (хоругви) қызмет етті. Польск шежірелерінде казактар туралы алғаш 1493 жылы айтылады, онда шеркеш әскер басы Богдан Федорович Глинский, лақап аты «Мамай», Черкасияда шекаралық казак отрядтарын жасақтап, түрік қамалы Очаковты басып алғандығы көрсетілген. Тарихшылар 1549 жылы Дондағы  казак қалашықтарының (станиц) негізін қалаушы Мещерден шыққан Сары-Азман деп  пайымдайды (Казактар / Уикипедия)

 

«Қырым татарлары» атауы орыс тілінде Ресей Империясының бүкіл түріктілдес халықтарды татарлар деп атаған уақыттарынан қалған: қарашайлар (тау татарлары), азарбайжандар (закавказьелік немесе азарбайжан татарлары), құмықтар (дағыстандық татарлар), хақастар (абакан татарлары) және т.б. (Қырым татарлары / Уикипедия)

 

Әуелдегі Дон казактарының сөздері мен қазақ сөздері бір екені көрсетілген. Ресей тарихшысы қазақ халқы казактан шыққан деп пікір айтқан. Оның тұжырымы бойынша, мұсылман дінін қабылдаған казак адамдарынан қазақ халқы қалыптасқан. «Аяғын аспаннан келтірді» деген осы, осылайша қазақ пен ескі казак сөздері ұқсастығын түсіндірмекші болған тәрізді. Сол сөздер славяндық болғанда, қазақтардың славянтілді болғанына дәлел болар еді. Бұл сөздердің барлығы түркілік және оларды ертеде қолданған Дон казактарыныңқазір славянтілді екені анық. Яғни, ол сөздердің орнын славяндық сөздер басқан. Сонда кім кімнен тараған дейміз? Түркіліктілді (Говор Донских Казаков раннего периода) славяндық тілге ауыстырған казактардан, түркітілді мұсылман қазақтар шығады деу ақымақтық. Керісінше, Дондағы қазақ халқының славян тіліне көшуі олардың атауын казак етті және оларды орыс халқының құрамдас бөлігіне айналдырды деу ақылға сыйымдырақ. Осы Дон казактарының сөздеріказактың арғы түбі қазақ екенін түсінуге жеткілікті. Олардың арғы тегініңқазақтардан шыққандығын орыс ғалымы Карамзиннің де айтқанын көреміз. Торки-Берендей деген қазақ халқы тайпалары екенін жоғарыда көрсеттік.

 

Сталенбергтің пікірінше, «казак» сөзі «шекарада өмір сүретін және әрқашан ақшаға қызмет етуге дайын еркін адам» дегенді білдіреді. Қырғыздарда «казак» деп аталатын ерекше ру бар. Бұл қырғыздар өздерін көптеген авторлар жазғандай «кайсак» деп емес, «кхазак» деп атайды. Бұлар ежелгі казактардың басқа шығыс халықтарымен араласып кеткен және мұсылмандықты қабылдағандарының ұрпақтары. Қырғыз-кхазак тілінде дон казактарының ерте кезеңдегі сөйлеу мәнеріне тән сөздер мен сөйлемдер өте көп кездеседі. Мысалы, куб-люк – кубилек (ашық түсті жібек матадан тігілген әйел киімі), чекмень – шекмен, казан – котел, тұмақ – төбесі бар қалпақ, шальбары – шаровары, юрт, мерин, башка, таган, чугун, серьги, чулги—чулки, куп—выкуп, чекан—оружие, тала—тальник, камыс — камыш, чушка—свинья, карга, беркут, драфа, сазан, урань — ура, карбуз — арбуз, каун — дыня, тыква, бахча, канжар — кинжал, чумичка, малахай және басқалары. Сталенберг пен Рубруквис татар тарихшысы Абул-Газ жазған қырғыздарды  қырғыз-қайсақтардан бөліп алып, соңғысын кергездер немесе черкес-казактар, дәлірек, черкес казактары деп атайды. (Казактар / Уикипедия)

 

Н.М. Карамзиннің пікірінше, казачество тарих аренасына Х ғ. торктер мен берендейлер атауымен, соңынан черкастар және жай ғана қазақтар немесе казактар атауымен  шықты. (Казактар / Уикипедия)

 

Закавказье қазақтарының бір Патшаға бағынбағанын Масудидің жазбасынан көрсеттік. Олар ертеден ру-тайпа ақсақалдарына бағынған. Оларды Аталар деп атағаны түсінікті, яғни Ата билеген ел. Жасына қарамай барлық басшыны Ата деу сол Масуди заманында қалыптасқандығын  көреміз. Оның дәлелі, «Илдегіз-Атабек» орнатқан «Азарбайжан-Атабектері» мемлекеті. Оның дәлелі, казак басшысының Атаман аталуы. Және бір дәлелі құмықтардың көшбасшысының Одаман деп аталуы. Тағы бір дәлелі Адай тайпасының «Әулиелер» есіміне «Ата» сөзін қосып айтуы.

Казактың Атаман атауы «Кощевой Атаман» дегеннен шыққан және «Кощевой Атаманды» жорықбасшысы етіп уақытша сайлағаны айтылады. Ал құмықтарда жайлау-қыстауға малкөшірерде Одаман сайланатыны көрсетілген. Маңғыстаудағы Отпан тауы атауының әуелде Отаман болуы ықтимал. Ел шекарасын кезекпен осы тауда күзеткен және оларға басшы етіп Отаман сайланған дейміз. Тау осы себептен Отаман деп аталуы және оның кейін Отпан деп өзгеруі мүмкін.

Академик Бартольд казактардың шыққан тегі қазақтар екенін Кеңесзаманында айтқан екен. Мұрад Аджи Дешті Қыпшақ, яғни Қыпшақтардың ертеден болғаны жайлы тұжырымдар айтады. Казак пен қазақ атауларының ұқсастығы және Закавказьедегі Қазах атаулары жайлы ол кісі өз ойын жазбады. Сондай-ақ, ол кісі Олжас Сүлейменов ағамыздың «АЗиЯ» кітабындағы тұжырымдар жайлыда өз ойын әлі айта қоймаған тәрізді.

«Атаман» сөзі құмық тіліндегі – «Одоман», мұндағы «ода» – үлкен үй, аула, отбасы, ал «одаман» – бас адам, қожайын. Көптеген авторлар Атаман түріктің «ата» – әке деген сөзінен шыққан деп қателеседі. Жайылымға қоныс аударуға көшті (көш) ұйымдастырғанда бақташылар (қойшы) өздеріне одаман сайлаған, осыдан оны казактарда кошевой атаман (къошну одаманы — құмықша) деп кеткен. (Атаман / Уикипедия)

 

Казактар жерде де, суда да жорықтарға шықты. Кез келген жердегі немесе судағы отрядтың өзінің атаманы болды, оған жорық атаманы деген атақ берілді. Ол қандай да бір жорыққа аттанғалы отырған казактардың жалпы отырысында сайланды. Үлкен әскер жүздіктерге, елуліктерге бөлінді, оларды есауылдар, жүзбасылары, елубасылар басқарды. Осы шендердің бәрі сайланып отырған, жорықтан қайтқанда атақтары мен өкілеттіктерінен айрылып отырған. Бүкіл Запорождық Сечаның сайланбалы бастығын кошевой атаман деп атаған. (Казактар / Уикипедия)

 

«Академик Бартольд өзінің әйгілі «Түркілер туралы 12 дәрісінде» казактардың шығу тегі түркілерден деп пайымдайды. Кітапқа тыйым салынды, бірақ өзін репрессияға ұшыратпады, неге? Ғалымға неліктен ондай кешірім жасалғанын мен сияқты байғұс құмық қайдан білсін, репрессивтік органдарда қызмет еткен жоқпын ғой. Менің жауабым жеке өзімдікі. Егер есімнен шықпаған болса, ғалым қырғыз-қазақтарды айтса керек. Ұлы Дала мен Шығыс тарихын шындап зерттегендердің бәрі казачествоның шыққан тегі түркілік екенін біледі. Марко Поло мен  Рубрукты алыңыз, олар бәрін өз атауымен атаған. Ал «ғылымнан шыққан саясатшылар»  басқа нәрсе, олар үшін «бастық не айтса, сол шындық»... Ал еврейлерден үйренуіміз керек деп ойлаймын, олар Кир патша кезінде бізден үйренген. Олардың патшасы Дәуіт Алтайдан шыққан, малшы, Ахменидтерден болса керек. Оның сырт  келбеті еврейлерден өзгеше болған – көк көзді, сары шашты. Менікі секілді. (Мәңгілік көк аспансыз / Мурад Аджи)

 

Закавказьеден шыққан қазақ халқының казакқа айналуына оларға ықпалын жүргізе алмаған Ноғай Ордасы басшылары кінәлі дейміз. Ноғай Ордасы билеушілері халық мүддесін ойлады және Ислам дінін таратуға ұмтылды дей алмассыз. Мемлекет халқы жергілікті мұсылман болғанымен, оны билегендер Шыңғысхан заманында келгендер. Яғни, әлі шынайы мұсылман бола қоймаған, тіпті әлі мұсылман болмағандар болуыда мүмкін. Барлық Асылүй ұрпақтарының әдетіндей, олардың мақсаты тек билік болғаны түсінікті. Олар қол астындағы халқын емес, Московское Царствоны билеген Асылүй тобын туыс санағаны анық. Ал ондағы Қасым хандығының тұрғындары қазақтар болғаны көрсетіледі. Оларды Татар-казактар деуі кейінгі Ресей Империясының барша түркітілді халықтардың атауына «татар» сөзін қосып жазу саясатынан. Иван Грозныйдың Қасым хандығындағы Асылүй тобына және ондағы қазақ әскеріне сүйенгені белгілі. Оның анасының тегі мен алғашқы казак басшысының тегі олардың нағашы-жиен екендігін көрсетеді. Литва княздігі мен Польша және Ресей жерлері Речь Посполитная мемлекетінің жерлері екені мәлім. Литва княздері мен казак басшысының туыстығы «Речь Посполитная» атауы «Беріш Басболдығы» болған және оны орнатқан Беріштер дегенімізді дәлелдей түседі. Иван Грозный заманында Московскоецарство жері қазіргі Ресей аймағына кеңейген. Кеңейтуші қазақ (казак) әскерлері болған, олар Иван Грозныйды туыс санағаны айқын. Иван Грозный заманында орыстар түркітілділігін толық жоғалта қоймағанын, билеуші топтың түркітілділер екенін Қасым хандығыда дәлелдейді. Оны сол заманда қолданылған Бояр(байлар), Тархан атаулары мен атақты Боярлардың(байлардың) түркілік тектері көрсетеді. Боярская Дума дегендері Байлар Ұйымы атауын бұрмалаудан шыққан атау деп тұжырымдаймыз. Иван Грозный құрған «Стрелецкая войска» жауынгерлері түгел казактар (қазақтар) болғаныда ақиқат, оны Кеңес тарихшылары аузынада алмайды.

Иван Грозный Ресей жерін казактардың (қазақ) күшімен кеңейткені жасырылып, Ермак(Ермек) Сібірді рұқсатсыз бағындырды деп бұрмалайды. Алайда, «Донскоеказачествоның» сол Иван Грозный заманында пайда болғаны мәлім. Тама тайпалары шежірелерінде олардың батырлары Қазанды бағындырғандар екені көп айтылады. Ал бұл тайпаның отырған аймағы әуелде Таматарха немесе Тмутаракан болғанын көреміз. Яғни олар Ермак заманында шамамен қазіргі Краснодар мен Ставрополь аймақтарын мекендеген. Демек Ермак Тимофей (евич) есім-тегінің дұрысы Ермек Тамабей (Тамабай) және ол Тама тайпасынан болған қолбасшы батыр. Иван Грозныйдың православие дінін ұстанбағанын, тіпті осы дін мемлекеттік деңгейде бола қоймағанын байқаймыз. Оны және оның ұрпақтарын биліктен айырған православиелік топ болатын. Оны осы діннің жанашыры етіп көрсету орыстар түркітілділігін жоғалтқан ХVІІІ ғасырларда басталды. Оның «Орыстар ертеден православие дінді славянтілді халық» деген жалған-тұжырымды нықтау саясаты екені түсінікті.

Казактардағы Есаул атауы, Қазы-Құмықхандығында қолданылғанын көреміз. Ал Иван Грозный «Тархандықты» жойды деген ақпарат оның Московскоецарствода қолданылғанын дәлелдейді. Иван Грозныйдың түр-әлпеті мен Тит есімі, оның Кавказ немесе Қырым аймағынан шыққан қазақтардан екенін тағыда байқатады. Оның көзін көк түсті етіп бейнелеген славян халқының адамы, осы Герасимов деген ғалым Сталин заманында Темірұлан сүйектерін зерттеп тұжырым шығарған. Ол тұжырымы шындыққа жанаспайтынын қазіргі ғалымдар айтып жүр, яғни оның Тит (Иван Грозный) патшаныда «славяндағаны» түсінікті.

Польск шежірелерінде казактар туралы алғаш 1493 жылы айтылады, онда шеркеш әскер басы Богдан Федорович Глинский, лақап аты «Мамай», Черкасияда шекаралық казак отрядтарын жасақтап, түрік қамалы Очаковты басып алғандығы көрсетілген. (Казактар / Уикипедия)

 

Иоанн ІV Васильевич (туылған кездегі «тура есімі» - Тит) – 1533 жылдан Мәскеу және бүкіл Русь ұлы князьі, бүкіл Русьтің бірінші патшасы (1575-1576 жылдардан басқа, ол кезде «бүкіл Русьтің ұлы князьі» жалған түрде Симеон Бекбулатович еді). Мәскеу ұлы князьі Василий ІІІ пен Елена Глинскаяның үлкен ұлы. Әкесі жағынан Рюриковичтер әулетінің мәскеулік тармағынан, шешесі жағынан – литва князьдері Глинскийлердің ата-бабасы боп саналатын Мамайдан тарайды. Қазан және Астрахань хандықтары бағындырылды, Батыс Сібір, Донской әскерінің облысы, Башкирия, Ноғай Ордасының жерлері қосылды, осылайша Иван ІV кезінде Русьтің аумағы 100 % құрады, Орыс Мемлекеті оның тапшалығының аяғында көлемі бүкіл Еуропадан екі есе артық болды. Иван сарай төңкерістері мен Шуй және Бельский боярлық тектер арасындағы билікке талас жағдайында өсті. 1575 жылы Иоанн Грозныйдың тілегімен шоқынған татарин және касимов ханы Симеон Бекбулатович «бүкіл Рустің ұлы князьі» ретінде патшалыққа отырды, ал Иоанн Грозныйдың өзі Иван Московский атанып, Кремльден кетіп қалды да Петровкада тұрды. Иоанн ІV өз тарапынан оны Поляк-литва мемлекетінің патшасы депте атауына ерекше мән берді, алайда Польша ХVІ ғасыр бойы оның бұл талабына құлақ аспады. И.Д.Беляевтің ойынша, бірінші Земский Жиынында барлық қауымдардан сайланғандар қатысты. Патша жиында болған бата үшкіретіндерден Судебникті «бұрынғыша» түзетуді сұрады; содан соң қайым өкілдеріне бүкіл мемлекет, қалалар, қала маңы, болыстар мен зираттар, тіпті боярлар мен басқа жер иеленушілердің жеке иеліктері бойынша тұрғындардың өздері старосталар мен целовальниктер, сотскийлер мен дворскийлер сайлануы тиіс; барлық облыстар үшін жарғылық грамоталар жазылады, сол бойынша облыстар мемлкеттік наменгерлер мен болыстардың көмегінсіз өздерін басқаруы тиіс деп жариялады. Екінші заң тарханарды жою болды, бұл жер иеленушілер мүддесіне сай еді. 1571 жылғы Дәулет-Керейге қарсы сәтсіз іс-қимылдар бірінші құрамдағы опричный басшыларының жойылуына әкеп соқты: опричная дума басшысы, патша қайын інісі М.Черкасский (Салтанкул мурза) «патшаны татар соққысына қасақана қоймақ болғаны үшін» қадаға отырғызылды; Ермак Тимофеевич  пен оның казактарының 1583 жылы Батыс Сібірді жаулап алуы мен Сібір хандығының астанасы – Искерді алуы жергілікті халықты православиеге бағындырудың басы болды: Ермак әскеріне төрт священник пен иеромонах ілесіп жүрді. Сонымен бірге православие священниктері мен монахтарын өлім жазасына кесу, тонаулар мен шіркеулерді талқандау патшаның діннен безгендігін білдіреді. «Иоанн Грозный патшалық құрған кезі – И.К.Кондратьевтің пікірінше, - Мәскеумен қоса  бүкіл Руське ерекше ұлылық мөрін басқан тамаша патшалық құрудың бірі болды. Шынында да, осы жылдары Мәскеуде бірінші Земский жиыны өтті, Стоглав құрылды, Қазан және Астарахань хандықтары бағындырылды, Сібір қосылды, ағылшындармен сауда жүргізу басталды (1553), (сондай-ақ Парсы және Орта Азиямен), тұңғыш типография ашылды, Архангельск, Кунгур мен Уфа салынды, башқұрттар орыс бодандығын қабылдады, Дон казачествосы құрылды, Қазан хандығын жаулап алу құрметіне Василий Блаженный деген атпен белгілі әйгілі Покров шіркеуі тұрғызылды». Стрелецк әскері жасақталды. (Иван Грозный / Уикипедия)

 

Бас сүйегі бойынша Иван IV бейнесінің                              Атаман Краснощёков

реконструкциясы. Орындаған Герасимов

 

Р.Маршаеви былай жазды: «Казикумух шамхальствосындағы айрықша класс келесі тұлғалардан тұрды: феодальдық сатының бірінші баспалдағында өзіне бағынышты бүкіл аумақтың жоғарғы сюзерені болып табылатын  шамхалдың өзі тұрды. Иезди (1396 ж.) баяндамасынан көрініп тұрғандай оның соңында калантарлар, кадиилер мен ақсүйектер. Лакиядағы феодалдар класының шамхалдар тегінен шыққан өкілдері бектер, есаулдар, әскер орналастыруды жүргізумен айналысатын лауазымды тұлғалар деп атала бастады. Феодалдар класына жақын нөкерлер мен тархандар, яғни ерекше қызметтері үшін белгілі бір артықшылықтарды пайдаланушы тұлғалар тұрды». (Газиқұмық шамхальствосы / Уикипедия)

 

Ноғай Ордасы билеушілерінің Закавказьелік қазақтарға бола Московскоецарствомен қарым-қатынасын ушықтырмағаны анық. Керісінше, Московскоецарство билеушілері осы қазақтарды одақтас етуге тырысты. Оған мемлекетті билеуші топ пен Қасым хандығында отырғандардың сол қазақтармен (казактар) туыстығыда көмектесті. Жақын көршілер арасындағы қақтығыстарда Ноғай Ордасы қазақтары мен Закавказьелік қазақтарды (казактар) жау еткені түсінікті. Бірінің мұсылман және екіншісінің негізінен ескі-сенімдегілер болуыда олардың бірігуіне кедергі болған тәрізді. Масуди айтқан «кашактық» мінездері оларды туыстарына қарсы бөтенді одақтас етуге мәжбүрледі. Осылай болуына Ресей Империясын билеуші әулет (Қасым хандығында отырған Асылүй тобы) қазақтан болғаны да себеп болар, алайда олардың санының аздығынан болашақта қалың орыс халқына сіңіп кететінін түсінбегендері анық.

Алтын орда бөлінгеннен кейін оның аумағында қалған казактар әскери ұйымдарын сақтап қалды, олар сонымен қатар бұрынғы Империяқалдықтары – Ноғай ордасы мен Қырым хандығынан; және Русьте пайда болып келе жатқан Мәскеу мемлекетінен толық тәуелсіздікте болды. (Казактар / Уикипедия)

 

Мәскеу мемлекетіне әскери көмек көрсетіп жүрген көрші Қасым хандығының әскери-саяси ұйымының негізін татар-казактар құрады. (Казактар / Уикипедия)

 

Казактардың ұлттық киімдері олардың Закавказьеден шыққанына дәлел. Оны Азарбайжанның қарапапахтары киімі мен құмықтар киімініңказактар киіміне ұқсастығы көрсетеді. Оларға Батыс Дешті қазақтарыда қосылғандығын олардың кейбірі қазақтың ұлттық киімінде екені айқындайды. Дегенмен, негізгі тобы Закавказьеден қуылған қазақтар дейміз. Казактар туында крест пен тұмар болуы олардың Закавказье мен Албан-Үйсүн тайпаларымен байланысын көрсетеді. Ал онда крест пен жартыайдың бірге болуы олардың XII ғасырда православие дінін қабылдай қоймағанын дәлелдейді. Қазақтың Албан тайпасының крестке ұқсас таңбасы Кавказда таралғаны жайлы белгілі тарихшы Мұрад Аджидің тұжырымында жоғарыда келтірдік. Казактар туындағы крест православиелік крестке еш ұқсамайды, оны Кавказда орныққан албандық таңбаның өзгерген түрі деу орынды және тура казак туларындағы крест тәрізді бейне қазақ халқының бес тайпасының таңбасы екенікөрініп тұр. Бұл таңба казактардың басым бөлігі сол Закавказьеден шыққан қазақтар екенін көрсетеді. Казак туларында жартыай белгісінің болуы олардың көп бөлігі әуелде Ислам дініндегілер болғанын аңғартады. Ал казак туларындағы садақ бейнесі мен Адай тайпасының садақ бейнелі таңбасы олардың туыстас екенінің айқын дәлелі. Кіші Жүз тобындағы Тілеу тайпасының таңбасыда казактардың екі туында бейнеленген екен.

«Кубанское казачье войско» деген суреттегі казактың тоны ертеде «Буртаси» елтірісінен дайындалғандықтан «Бурка» деп аталған киім.

Радзивилл жаулап алған казак тулары, 1651 жыл.

Құмық отбасы, 1870-ші жж.                           Қарапапах кавалер полкі

Кубань казактары, 1916 жылғы мамыр

 «Үш Орыс батырының» бірі Илья Муромецті, «старый Козак» деп атаған дейді және оның Қырым аймағында болғаны меңзеледі. «Илья Муромец» дегенінің дұрысы «Ұлы Мұрын» болар, «Қырымның қырық батыры» жыры Мұрын жыраудан жазылып алынған. Сонда «орыстың үш батыры» дегені, қазақ батырлары болғаны ғой. Беріш тайпасынан болған атақты Бейбарыс сұлтанда осы Қырым аймағынан шыққандығын көрсеттік. Ондағы Рус пен Сакалиба,  Арыс пен Албан тайпалары екенінде шамамыз келгенше дәлелдедік. Олардың қазіргіорыстарға тікелей қатысы жоқтығын, орыс халқы Бұртас-Бұлғар тайпаларынан екенінде атап өттік.

Қрымлар тіліндегі «Кодекс Куманикс» кітабы сол католик дінді және түркітілді Рус-Сакалиба тайпаларының діни кітабы екенінде жоғарыда айттық. Олардың орыс-славяндық еместігін дәлелдеуге осылар-ақ жеткілікті.

Оның зерттеулері бойынша, казактардың Қырымда ХІІІ ғ. аяғында өмір сүргені дереккөздерден белгілі. Мәселен, Ұлы Владимир билігі кезеңіне жататын ескіорыс аңыздарына сай (алайда  ең жақсы дегенде тек ХVІІІ ғ. екінші жартысында жазылып алынған)  Илья Муромец батыр «кәрі Козак» деп аталады. Шамамен алғанда, «Казак» атауының («күзетші» мағынасында) тұңғыш тіркелуі ХІV ғ. (1303 ж.) басындағы «Codex Cumanicus» деген «половец» тілі сөздігінде бар. Қырым қаласы Сугдейдің 1308 жылғы 17 мамырмен белгіленген «Сугдей синаксарында» былай делінген: «Сол күні казактар түйреп өлтірген жас жігіт, Құдайдың құлы Альмальчу Самақ ұлы дүние салды». Казактар / Уикипедия)

Жоғарыда Масуди кашактардың (Закавказьелік қазақтар) өте жұқа мата өндіретінін жазғанын айттық. Ал Орынбор казактарында атақты ешкі түбітінен тоқылатын орамал бары белгілі. Оның жұқалығы сонша, оны жүзіктің (сақина) көзі арқылы жинап өткізуге болады. Кеңес тарихшыларының казактар тонаудан басқаны білмегендер деуі жалған екені анық. Олардың түсінігінше, барлық халықтар өздері келгенше түк білмеген және жабайы болған.

Олардың қазақ екенін казак деген атауларыда дәлелдейді. Оның казак деп жазылу себебінің славян тілінде «қ» әрпінің болмағандығынан.

Мамай деген казактың қолындағы музыкалық аспаптың Кавказ ұлттарының «Уд» деген музыка аспабы екені анық. Бұл аспаптың негізінен Азарбайжан, Арменияда таралғаны казактардың Закавказьеден қуылған қазақтар екенінің тағы бір дәлелі. Оның өлеңіндегі «тіл» мен «діл» қазақтың сөздеріекені даусыз. Оның мұсылман ұрпағы екенін және өз дініне немқұрайлы қарағанын осы өлең мағынасы дәлелдейді. Мұндай шала мұсылмандық оның ұрпақтарын христиан казак еткені түсінікті. Осындай мұсылман қазақтар деп «Бахмутские казаки» дегендерді айтамыз, олардың бір атауы Шеркеш екені айтылады. Яғни, Шеркеш тайпасынан. Ал Махмут деген есімнің негізінен Кавказда кең таралғаны белгілі. Мұхаммед(с.ғ.с) есімі мен Махмут және Ахмет есімдерінің түбірі бір. Мағынасы «мақтаулы» дегенді білдіреді екен.

Казак Мамай бейнеленген ескі украин картиналарының біріндегі жазба: «Не завидую никому — ни панам, ани царю. Богу своему святому я за всё благодарю! Хотя тилом и не славен, но жизнь весело веду, У дилах своих исправен, я вовик не пропаду».

 

Уд – ішекті шертпелі аспап. Таяу Шығыс, Кавказ және Орта Азияда, әсіресе Арменияда, Азарбайжанда, Үзбекстанда, Тәжікстанда, Иранда және Түркияда кең таралған. Еуропалық лютняның алдында болған (Еуропаға Испанияны Исламдық жаулап алу кезінде арабтар кіргізген). Барбет (Ирандағы) тәрізді (перс.بربط‎ — barbat).(Уд, музыкалық аспап / Уикипедия)

 

Қазақтың Рамадан тайпасының сахабалармен байланысты екендігін, Рязан Княздігін солардың орнатқаны жайлы тұжырым айттық. Осы княздікті Московскоецарствоға қосқаны және оның тұрғындары казактарға қосылғаны жазылған. Казак мұсылмандары осылардың ұрпағы болуыда әбден мүмкін. Казактардың арасында Закавказьелік қазақтармен қатар Батыс Дештілік қазақтарда болғанын қазақтың домбырасы дәлелдейді. Оны ресейліктер орыс домрасы және қазаққа солардан тараған дейді. Бұл аспаптың Речь Посполитная халқында болғандығы бұл мемлекеттің атауының «Беріш Басболдығы» деген тұжырымның дұрыстығын дәлелдей түседі.

Жоғарыда көрсетілген дәстүрлі казак аймақтарына тағы бір қоныстанушылар толқынын, Савельев 1520 жылы Мәскеуге Рязань ұлы князьдігінің бағындырылып қосылуымен байланыстырады. (Казактар /Уикипедия)

 

Ал ескі домбыраның Вятск губерниясынан табылуы, онда ертеде болған Ушкуйнаки (Ішкіүйтобы тайпалары) дегендердің Құң халқынан екенін тағыда көрсетеді. Қырғыздардың домбырасы үш шекті, олар Байкалдан келгені белгілі. Ол аймақ ҚұңИмпериясы мен Құң тайпалары жері болғаны мәлім. Яғни, Құң домбырасы үш шекті болған және олар қазақ деп аталған заманда домбыра екі шекті болып өзгерген.

Домра

 

Домра туралы мәліметтер Ресейдің ескі сарай жазбаларында сақталған.  Польшада Семен Будныйдың аудармасымен (Несвижская, 1571 -72 жж., "ариандық" деп аталатын) Інжілдің басылымы сақталған, онда «органум» орнында «домра». Яғни «аспап» сөзінің аудармасы ретінде «домра» аспабының атауы, Дәуіт патшаның Псалмаларында Құдайды бүкіл халық болып («Домрамен Құдайды мадақтаңдар») мадақтау үшін  қолданылады. Ол кезде домра Литвада (қазіргі Литва мен Белоруссия, ресми тілдері рус-кітап тілі) таралған және поляктар оны халық аспабы ретінде (діни көзқараспен ізгі емес, әйтсе де Ұлы князьдер Радзивилддер сарайында ойналатын), соның ішінде казак аспабы ретінде де қабылдаған. Осы күнге дейін қалмақтарда да, қазақтарда да, татарлар мен қырғыздарда да келе жатқан домра моңғол қысымы кезіндеорныққан болуы да әбден ықтимал. ХІХ ғ. оның бар екенін ешкім білмеді. Тек ғасырдың аяғында тұңғыш халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, музыкант-зерттеуші Василий Андреев орыс халық аспаптарын қайта қалпына келтіру және жетілдіру үшін маңдай терін көп төкті. С.И.Налимовпен бірге домраның құрылысын 1896 жылы Вятка губерниясынан Андреев тапқан шанағы жартылай сфера түріндегі белгісіз аспаптың түрі мен құрылысына қарап әзірледі. Тарихшылар әлі күнге Андреев тапқан аспап шынында да ескі домра ма еді деп дауласады. Сонда да 1896 жылы қайта қалпына келтірілген аспап «домра» деп аталды. Шанағы домалақ, мойны орташа ұзындықта, үш ішекті, кварталық құрылыс – қайта қалпына келтірілген домраның көрінісі осындай. (Домра / Уикипедия)

 

Бахмут казактары жайлы деректерде Слободские, Слобожанщина, Мояцкие, Торские, Чугуевское, Изюмские атаулары кездеседі. Слободские, Слобожанщина дегені «Асыл Оба» мен «Асыл Оба жан»(Асыл үй адамдарының қорымдары мен сол аймақтың қазақтары дегені), Мояцкие деген Мая (шөпті маялап жинайтын қазақтар), Торские дегені Төр (төрде немесе жоғарыда қоныстанған қазақтар), Чугуевскик дегені Шығу(шекарада немесе шығаберісте отырған қазақтар), Изюмские деген Жүзім(жүзім өсірумен айналысатын қазақтар) сөздерінен шыққан атаулар екені түсінікті.  Осы деректер Иван Грозныйдан кейінгі Ресей патшалары мен қазақтардың (казак) одақтас болмағанын көрсетеді. Ол замандағы Ресей Империясының билеушілері қазақтар(казак) бағындырылуы тиіс «жабайы далалықтар» деп санаған екен. Күштеп бағындырылғанын жасыру үшін арасынан «ішкі Ресейден қашқан казактарды» ұстау үшін Долгорукий әскері жіберілді дейді. Казактар Ресейден қашқан орысқұлдарынан құралды деген тұжырымды осылай нықтамақшы. Солай болса, Долгорукий әскерлері казактардың дәстүрлерін келемеждемес еді. Екеуіде славян болса, өздерінің дәстүрін мазақ етпесі анық. Яғни, олар мазақ еткен қазақ халқының дәстүрі екені анық.

ХVІ-ХVІІ ғғ. Ресей мемлекеті «Жабайы алқап» деп аталатын аумақтарды отарлауды бастайды, орыс отарының оңтүстіктегі шекарасында өзіндік орыс-украин облысы - Слобожанщина құрылады. Слобожанщинаның оңтүстігінде, Дон әскері аумағындағы шекара адамдарын бұрыннан тұзды көлдер қызықтыратын, осында Бахмут бекінісі мен маңайында казактар қауымы құрылды, оларды «бахмуттықтар» деп атады. Сондай-ақ осы ауданда түрлі бекіністер айналасында бахмуттықтармен көршілес басқа да казак қайымдары пайда болды, оларды өз ауылдарымен атады: мояцтықтар, торлықтар және чугуевтіктер. Бахмут казачествосының аумағы Дон әскерінің аумағымен шектесетін, олар Бахмут пен оның маңайында өз тұз қайнату қазандарын иеленетін. Дондықтар баж салығы салынбайтын тұз шығару өндірісін өз артықшылығымыз деп есептейтін, кейіннен оны І Петр тартып алады. Бұл Бахмутта риза емес дон казактары мен үкіметтік Изюм слободалық казак полкі арасындағы қанды соқтығыстарға алып келеді. 1707 жылы Ресей үкіметі Дон өзеніне Ю.В.Долгорукий бастаған жасақты аттандырады. Бұл жерде солдаттар казак әдет-ғұрпын мазақ қылу, әйелдерді зорлау сияқты өз білгенін істеді. К.А.Булавин басқарған Бахмут казактары Ю.В.Долгорукийдің жасағын талқандады (1 000 аса солдат пен офицер қаза тапты), осылайша 1707-1708 жылғы «Булавин көтерілісі» басталды. 1721 жылғы 3 наурызда бахмут казактары мояцтықтар, торлықтармен бірге Әскери коллегияға бағындырылды. 1748 жылғы 27 қазанда бахмут, мояцк және торск казактары Бахмут казак полкі болып жасақталды. 1764 жылғы 11 маусымда осы полк Луганск пикинер полкі болып қайта жасақталды, ал оны құрайтын казактар, однодворцы сословиесіне ауыстырылды. (Бахмут Казактары / Уикипедия)

 

Кеңес тарихшылары «Голутвенные казаки» атауыныңказактардың кедей болуынан шыққан дейді. Яғни, мағынасын славяндық «голи» сөзінен іздейді. Атаудың дұрысы «Көлеткен қазақтар» немесе «Көлдеткен қазақтар» екені анық байқалады. Оларды жоғарғы Дондағы Хопра (қопырап немесе көлше жайылып ағатын өзен болуы мүмкін) өзеніжағасын мекендейді делінген. Дон өзені атауы әуелде Бұртас деп аталғанын Масуди жазбасы аңғартады. Дон атауы дөң, қыратты немесе төбелі аймақ дегені және ондағы өзенніңде кейін осылай аталуы заңды. Сонда «Донские казаки» дегені «Дөң қазақтары» болып дұрысталады. Ал Хопра деген Қопра, яғни «шашылу» екені анық. Бұл сөзді Маңғыстау қазақтары қазірде осы мағынада қолданады. Дон өзенінің жоғарғы басын бұғаулаудан, сол маңда көлшіктер пайда болған, сол көлшіктерге шашылып ағатын өзенді Қопра деп атаған болар. Сол көлшіктер жағасындағы қазақтарды немесе осы көлді жасаған қазақтарды «көлдеткен қазақтар» деп атаулары мүмкін. Оның славянша бұрмаланып өзгерген атауы «Голитвенные казаки» болатыны түсінікті. Осылар жайлы деректе «ИванБолотников», «Василий Ус», «Тула», «СтепанРазин» сөздерін кездестіреміз. «Иван» дегені Ұяң (жуас болсын деген мағынадағы есім),«Болотников» дегені Болатын (шала туған баланы, адам болады деп ырымдап қойған есім болар), «Василий Ус» деген Басылыс (тоқтам немесе сабыр ету мағынасындағы есім), «Тула»  дегені Тұла(тұтас мағынасындағы атау, қазақтың «тұла бойы» деген сөзі бар) немесе Тұл(жалғыз немесе жалаңаш мағынасындағы сөз), «Степан» деген Істепаң (істепаңдар немесе жасапаңдар деген мағынадағы есім), «Разин» деген Разы(риза мағынасында), «Кондрати Булавин» деген Қондрат (таққа қондрадынемесе отырғызады деген мағынадағы есім) Бұлаби(ерке би мағынасында).

Болотников, Разин, Булавин бастаған ұлт-азаттық көтерілістері және ХVІІғасырға дейін Ресейге жасаған жорықтары олардың қазақтар екенін тағыда аңғартады. Кеңес тарихшылары олардың Ресейге қарсыласу соғыстарын таптық күрес деп көрсетеді. Өйткені Кеңес үкіметінің бүкіл әңгімесі «таптар күресі» жайлы болатын.

Голутвен казактары (голытба, украин. голота) – дон және запорожье казачествосының ең кедей, ең көп бөлігі. Донның жоғарғы бөлігінде, сондай-ақ Хопра мен Медведица жоғарғы сағасындағы голутвен казактары «жоғарғылар» деп аталатын. Голутвен казактарын өз мақсаттарына пайдалану үшін ауқатты казактар мен дворяндар қанап-езетін. Голутвен казактары Иван Болотников, Степан Разин, Кондратий Булавин басшылығымен ХVІ-ХVІІ ғғ. антифеодальдық көтерілістерге қатысқан; запорожье казактары ХVІІ ғ. ортасындағы Речь Посполитаядағы азаматтық соғыста белсенділік танытты. Голутвен казактарының Қырым хандығымен күресте оңтүстік орыс жерлерін игерудегі ролі зор. Қысқасы, барлық казактардың ішінен голытба тонаушылық пен адам өлтіруге  бейім, саяси арандатуға тез көнеді, тым ауыспалы болды. Қырым татарлары Конотоптағы орыс әскерлерін жеңген ғаламат жеңісінен кейін гетманИван Выговскийдің әскерін жайына қалдыруға мәжбүр болды, өйткені олар жоқта Қырымды запорожье казактары тонап кеткен. Ақырында Мәскеуге деген жорықтары аяқсыз қалады және 1667 жылы Андрусовский бітімі нәтижесінде украина Польша мен Ресей арасында екіге жарылады. Дондық голутвен казактары Қара және Азов теңіздері айлақтарына да Дон бойымен қайықтарымен түсіп, талай шабуылдар («шекпендерге» жорық) жасады; осы жағдай Түркия Азов теңізіне шыға беріске екі мықты бекінісін тұрғызғанша ХVІІ ғ. ортасына дейін жалғасты. Бірақ тонаулар мұнымен тоқтаған жоқ; 1660 жылдардан Дон голытбасы Ресейдің орталық аудандарына шабуыл жасауға көшті; казактардың осындай олжалы тонауы 1666 жылғы Тулаға жасаған Василий Устың жорығы болды, Тула маңын түгелдей тонаған казактар жасағы ешқандай жазасыз даласына қайтып кетті. (Голутвен Казактары / Уикипедия)

 

Казактардың өзгермей сақталған Қазақша сөзі бар. Ол «герц» немесе «герсовать» деген сөздер. Қазақша мағынасы соғыс алдында жауын мазақтау «көріністерін» жасау.  Қазақтың «көресінді көзіңе көрсетем» деген ескі сөзін бәріміз білеміз. «Көрес» сөзі мен «герц» сөзінің бір екені даусыз.  Казактардыңқазақ халқы екенін түсінуге осы сөзде жеткілікті. Бұл деректерде Золотаренко, Ганжа, Володыевский, Джон Данбар, Хмельницкий, Тарас Бульба деген тектер бар. Золотаренко дегені Сұлатарең (сұлатып немесе жығып

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар