Желтоқсан - Алаштың айы болсын!

/uploads/thumbnail/20170708160307852_small.jpg

Оралдың «Қазақ ауыл» атанып кеткен бөлігінің бір жақсысы бұнда көшелердің басым көпшілігінің атауы қазақ тілінде. Және Алашорда қайраткерлерінің бәріне дерлік көше аты берілген десем қатты қателеспеспін. Сол Алашорда арыстарының бірі Мұқаметжан Тынышбайұлы 1905 жылы думада жасаған баяндамасында былай деген екен: «Қазақтар орыстың қол астына кіргеннен бері бірде-бір шуақты күн, бақытты сәт болған емес. Содан бері ешкім де, шын мәнінде ешбір адам қазақтар үшін сәл де болса игілікті іс, немесе сол игілікті іске ұқсас бірдеңе істеу туралы ойлаған жоқ». Бұндай азаматтардың атын көшеге ғана емес, елді мекенге берсе да артық болмайды ғой, иә. Желтоқсан айы бойы ел үшін жанын қиған ардақтыларымызды ұлықтасақ, бұл айдың шыршалы сипатын өзгеріп, Алаштың айы – Тәуелсіздік айына айнала бастар ма еді...

(Нұрлан Сәдірдің фейсбуктегі парақшасынан)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар