Киев орталығында жарылыс болды

/uploads/thumbnail/20170825085151079_small.jpg

Украина астанасы Киевтің қақ ортасында жарылыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп. Жергілікті арналардың хабарлауынша, оқиғада екі адам жарақат алған. Куәгерлер әлдекімнің жарылғышты Украинадағы Әзербайжан елшілігіне тиесілі көлікке лақтырғанын айтады. Қазір оқиға орнына жедел тергеу тобы мен арнайы мамандар келіп, істің анық-қанығын тексеріп жатыр. Елдің Қауіпсіздік қызметі жарылысты бұзақылық әрекет деп бағалады. Айта кету керек, жарылыс алдында Украина тәуелсіздігінің 26 жылдығы құрметіне Киевте әскери шеру өткен еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар