Германия Түркияның неліктен Еуроодаққа мүше бола алмайтынын айтты

/uploads/thumbnail/20170825090713317_small.jpg

ГФР-дың Сыртқы істер министрлігі Зигмар Габриельдің айтуы бойынша президент Тайып Ердоған биліктен кетпейінше Түркия Еуроодаққа мүше бола алмайды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.

«Біз оларды одаққа қабылдағымыз келмейді деген сөз емес. Алайда Эрдоған билікте отырған кездегі Түркияның қандай бағытқа қарай дамып бара жатқаны белгілі. Еуропаға кері бағытта өсіп жатқанын ескерсек, Түркия қазіргі жағдайда Еуропа одағына кіре алмайтыны анық»-дейді Габриэль Bild басылымына берген сұхбатында.

Еске салсақ, Түркия мен ЕО арасындағы қарым-қатынас елдегі әскери көтерілістің орын алуынан кейін нашарлаған. Еуроодақ Түркия билігінің  жаппай қамауға алу сынды әрекеттерін сынап Анкарадан одаққа кіру туралы  құжаттарды қабылдауды тоқтатқан болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар