Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі полиция подполковнигі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, жоғалған екі жастағы баланың мәйіті үйдің әжетханасынан табылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
24 тамыз күні Алматы қаласы ІІД Жедел басқару орталығына «Шаңырақ-2» шағын ауданындағы үйден кішкентай баланың шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсіп, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Белгілі болғандай 2 жастағы бала далаға өзі шығып кеткен. Баланың өлімінің себебін анықтау мақсатында оның денесі сот-медициналық сараптама жүргізуге жіберілген.