Кіші Флойд Мейфезер мен Конор Макгрегор ғасырлық жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Аllboxing.ru сайтына сілтеме жасап.
25 тамызда өткен салмақ өлшеу рәсімінің нәтижесі бойынша, ирландиялық боксш америкалық боксшыдан ауырлау болып шықты. Нақты айтар болсақ, МакГрегор 153 фунт (69,4 келі) болса, Мейвезер орта салмақтағы лимитке жете алмай, 149 фунт (67,8) келі болды.
Жергілікті басылымдардың мәліметіне сәйкес, МакГрегор тағы да 7-8 келі қосуы мүмкін, демек екі спортшы арасындағы салмақ айырмашылығы 10 келіге дейін жетуі әбден мүмкін. Алайда, бұл жағдайға қатысты Флойд Мейвезер: «Жекпе-жекте салмақ жеңбейді» деп өзіне сенімді екендігін білдірді.
Америкалық спортшы Флойд Мейвезер мен ирландиялық ережесіз жекпе жек спортының чемпионы Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек 26 тамыз күні Лас-Вегаста өтеді. Қазақстанда бұл кездесуді «Хабар» арнасы 27 тамызда Астана уақыты бойынша 08:00-ден бастап тікелей эфирден көрсетеді.




