Қазақстан көкпардан әлем чемпионатында жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20170828083918755_small.jpg

Қазақстан командасы көкпардан әлем чемпионатының финалында Қырғызстан командасын 4:1 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық ойын жексенбі күні Астанадағы "Қазанат" ипподромында өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сentralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Үшінші орын үшін өткен сайыста Тәжікстан көкпаршылары Қытай командасын жеңді.

Көкпардан әлем чемпионы атанған Қазақстан командасына 10 миллион теңге, Қырғызстан көкпаршыларына – 5 миллион теңге, Тәжікстан ойыншыларына – 3 миллион теңге ақшалай жүлде беріледі.

Көшпенді халықтар арасында кең тараған ұлттық ойын түрінен тамыздың 21-і мен 27-і аралығында Астанада өткен алғашқы әлем чемпионатына Ауғанстан, АҚШ, Венгрия, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия мен Тәжікстаннан барлығы 200-ден астам спортшы қатысты. Жарысқа шақырылған Әзербайжан командасы белгісіз себептермен келмей қалды.

Қатысты Мақалалар