Жыл соңына дейін қазақ тіліне әлемдегі үздік 17 оқулық аударылатын болады

/uploads/thumbnail/20170828101541482_small.jpg

Еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламасына әлемдегі ең озық оқу орындарының оқулықтары енгізіледі деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы арнайы жобалардың қатарында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бастамасын жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылды. Жұмыс тобының құрамына тоқсаннан астам ғалым таңдап алынған. Олар жыл соңына дейін философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану, дінтану ілімі бойынша 800 кітаптың ішінен аса қажет деген 17 оқулықты аударады. Бұлар Гарвард, Оксфорд, Йель, Кембридж университтерінің бағдарламасына енген оқулықтар.

Қатысты Мақалалар