ЕО қорғаныс министрлері киберқауіпсіздік бойынша жаттығулар өткізді

/uploads/thumbnail/20170908133910830_small.jpg

ЕО мемлекеттерінің қорғаныс министрлері 7 қыркүйекте ЕО әскери құрылымына хакерлі шабуыл жасалған уақытта тойтарыс беру бойынша компьютерлік жаттығулар жүргізілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

EU CYBRID 2017 жаттығуы Эстонияда минисрлердің бейресми кездесулері аясында өтті.

Болжамды сценарий бойынша, хакерлер Жерорта теңізіндегі әскери операцияның басшылығына шабуыл жасайды. Жаттығу барысында әр қорғаныс министрі компьютерлік технологиялар мен гибридті шабуылдардың әдістерін пайдалану арқылы дағдарысты шешудің жолын табу керек.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столенберг кибержаттығуды бақылау барысында, 2016 жылы одақ желілеріне жасалған кибершабулыдар 60%-ға өскенін айтты. Сондай-ақ, кибершабуылды тоқтатуыдң ең маңызды жолы – ақпараттың уақытылы алмасуы екенін мәлімдеді.

Қатысты Мақалалар