Соңғы 10 жылдағы ең күшті «Ирма» дауылынан миллионнан аса адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170908135655550_small.jpg

Кариб бассейні аралдарында миллионнан аса адам  «Ирма» дауылынан зардап шекті. Одан бөлек 26 миллион тұрғынға қауіп төніп тұр дейді Қызыл Крест халықаралық комитеті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп хабарлайды.

Комитеттің мәліметінше, дауыл салдарынан Барбадостағы барлық ғамараттар қирап, Пуэрто-Рико тұрғындары электр энергиясыз қалды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, дауыл 10 адамның өмірін жалмаған. Аталған комитет дауылдан зардап шеккен тұрғындарға жәрдем ретінде 600 мың франк қаражат бөліп отыр.

Дауыл өзінің ең максималды деңгейіне жетіп,  жылдамдығы 300 км/сағатты құраған. Ол Атлантикадағы соңғы он жылда орын алған ең күшті дауыл деп бағалап отыр. Тіпті, мамандар «Ирма» дауылын   тамыз айының соңында Техаста орын алған  «Харви» дауылынан да күшті болғанын айтады.

Қазіргі уақатта дауыл Гаитиге қарай бет алған. Содан соң Кубаға, ал жексенбі күні Флорида штатына дейін жетеді деп болжалуда.

«Ирма» дауылынан зардап шеккен Барбуда аралы мүлдем тіршілікке қолайсыз болып қалған.

Қатысты Мақалалар