Павлодарда трамвай астында қалған екі оқушы қыздың бірі есін жиды

/uploads/thumbnail/20170908141028773_small.jpg

Павлодарда кеше трамвайдың астына түскен сегіз жастағы оқушы қыз есін жинады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы агенттікке облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева мәлім етті.

«Бүгін таңертең түскен мәліметке сүйенсек, қыз баланың жағдайы тұрақты. Бала есін жиды, - дейді баспасөз хатшысы.

Дәрігерлердің айтуынша, хирургиялық шара қолданудың қажеті жоқ. Науқас тиісті ем қабылдауда.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай кеше таңертең сағат 7:43-те орын алған. Салдарынан № 4 ЖОБМ-нің екі оқушысы трамвайдың астында қалды.

10 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болса, екінші қыз ауруханада жатыр. Балаларды анасы жалғыз тәрбиелеуде. Қыздардан басқа, бұл отбасында ұл бала өсіп келеді. Қазіргі таңда балалардың анасы баланың күтіміне байланысты демалыста және егде жастағы анасы бірге тұрады. Павлодар облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Мырзакеровтың хабарлауынша, істі тергеуді құзырлы орган қолға алған.

«Біз бұл істі бақылауға алдық. Сараптама тағайындалды. Егер де трамвай жүргізушісінің кінәлі екені анықталса, тиісті шара қолданамыз», – дейді Бауыржан Мырзакеров.

Қатысты Мақалалар