Елімізге белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «Нұр-Мүбәрак» мешітіне бас имам болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қызметке тағайындалған дінтанушы бұл жайында Facebook желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
«Мені танитын жамағат ғылыми жұмыстарыммен қатар мешітте де уағыз айтып, дәріс беруімді өтініп жүр еді. Бүгін «Нұр-Мүбәрак» университеті жанындағы мешітке бас имамдық қызметке тағайындалдым. Жаратқанның ризашылығына бөленуді баршамызға нәсіп етсін!» - деп жазады Қайрат Жолдыбайұлы.