Мексикада соңғы 100 жылда болмаған күшті жер сілкінісі орын алды

/uploads/thumbnail/20170908195039814_small.jpg

Мексика жағалауында жер сілкінді. Бұл елдегі соңғы 100 жылдың ішіндегі ең жойқын зілзала деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп. АҚШ геологиялық қызметінің мәлімдеуінше, сілкініс қуаты Рихтер өлшемімен 8,1 балды құраған. Соңғы мәліметтерге қарағанда апаттан 15 адам қаза тапты. Зілзала ошағы Чиапас штатындағы Трес-Пикос мекенінен оңтүстік батысқа қарай 120 шақырымдай жерде болған. Мамандар жер сілкінісінен цунами туындауы мүмкін екенін ескертті. Алып толқын Гватемала, Сальвадор, Коста-Рика, Никарагуа, Панама, Гондурас пен Эквадор елінің жағалауында ойран салуы ықтимал.

Соңғы ақпаратқа қарағанда зілзаладан кейін 60-тан астам дүмпу болған. Оның кейбіреуі 5 жарым балдан асып түсті. Жергілікті билік жапа шеккендер мен қаза тапқандар саны әлі де арта түсетінін айтады.

Қатысты Мақалалар