Ақмола облысының Степногор қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевқа еңселі ескерткіш орнатылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. Оның ашылу салтанатына еліміздің танымал тұлғалары, геологтар мен ғалымның ұрпақтары қатысты.
Қаныш Имантайұлының жас шағы бейнеленген қола мүсіннің биіктігі, тұғырымен қосқанда, 8 метрдей. Туындының авторы – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Азат Баярлин.
Айта кетейік, ғұлама ғалымға еліміздің бірқатар қаласында және Ресейдің Томбы қаласында да ескерткіш қойылған.