Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам - Брэндон Кук жекпе-жегі аясындағы бокс кеші басталды, деп жазады Qamshy.kz.
Бокс кешін Мәдениет және Ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «ZherSu» корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов ашты.
Мейірім Нұрсұлтанов пен бразилиялық Исмаэль Буено арасындағы жекпе-жек басталмай жатып мәресіне жетіп, жерлесіміз жеңіске жетті.
Мейірім Кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін жеңіспен аяқтаған.