Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам - Брэндон Кук жекпе-жегі аясындағы бокс кеші жалғасып жатыр, деп жазады Qamshy.kz.
Екінші болып шаршы алаңға көтерген Димаш Ниязов Эдуардо Перейра дос Рейшпен қолғап түйістірді. Олар салмақ өлшеу рәсімінде айтарлықтай ерегесіп қалған болатын.
Нью-Йоркте тұратын Қандасымыз Димаш АҚШ-та тұрады. Ол Бруклин қаласында үздік полицей атанған. 11 жекпе-жегінің бесеуін нокаутпен аяқтаған. Димаштың қарсыласы 26 жекпе-жек өткізіп, 22-сін жеңген. Кездесудің алғашқы раунды тең аяқталды. Алты раундқа созылған бокста Димаш 2:1 ұпай санымен жеңіске жетті.
Кештің алғашқы жекпе-жегін Мейірім Нұрсұлтанов пен бразилиялық Исмаэль Буено бастап, кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін жеңіспен аяқтаған жерлесіміз алғашқы секундтарда-ақ, қарсыласын тықсырып тастады.
Анонс бере кетсек, Қыркүйек айында бүгінгі күннен бөлек қазақстандық жанкүйерлерді 16 қыркүйектегі Головкин мен Альварес арасындағы тағы бір жекпе-жек күтіп тұр. Бүгін екінші рет әке атанған 35 жастағы Головкин алдағы жекпе-жегінде WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарын қорғайды.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы 20 мың орындық T-Mobile аренасында 16 қыркүйек күні өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Астана уақытымен 17 қыркүйек, яғни жексенбінің таңында өтеді. Головкин – Альварес бокс кешін трансляциялауға құқық алған Qazaqstan мен QazSport (бұрынғы «Қазақстан» және KazSport) телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, Аталған бокс 130 елде көрсетіледі.