Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам - Брэндон Кук жекпе-жегі аясындағы бокс кеші жалғасып жатыр, деп жазады Qamshy.kz.
Үшінші болып шаршы алаңға Айдос Ербосынұлы мен Джонатан Джеронимо Барбадильо шықты. Алматылық Айдос 6 жекпе-жегінің бесеуін нокаутпен түсірген. Оның Аргентиналық қарсыласы 17 жекпе-жек жасап, 14 нокаут жасаған қарсыласы алаңға шыға сала нокдаун алды. Ары қарай жалғастырам деп тұрған Джонатан Айдостың соққысына шыдамай қайта құлады.
Кештің алғашқы жекпе-жегін Мейірім Нұрсұлтанов пен бразилиялық Исмаэль Буено бастап, кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін жеңіспен аяқтаған жерлесіміз алғашқы секундтарда-ақ, қарсыласын тықсырып тастады.
Екінші болып шаршы алаңға көтерген Димаш Ниязов Эдуардо Перейра дос Рейшпен қолғап түйістіріп, қарсыласын төрешілердің берген бағасы бойынша 2:1 ұпай санымен жеңді.
Анонс бере кетсек, Қыркүйек айында бүгінгі күннен бөлек қазақстандық жанкүйерлерді 16 қыркүйектегі Головкин мен Альварес арасындағы тағы бір жекпе-жек күтіп тұр. Бүгін екінші рет әке атанған 35 жастағы Головкин алдағы жекпе-жегінде WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарын қорғайды.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы 20 мың орындық T-Mobile аренасында 16 қыркүйек күні өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Астана уақытымен 17 қыркүйек, яғни жексенбінің таңында өтеді. Головкин – Альварес бокс кешін трансляциялауға құқық алған Qazaqstan мен QazSport (бұрынғы «Қазақстан» және KazSport) телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, Аталған бокс 130 елде көрсетіледі.