Әли Ахмедов жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20170909192731384_small.jpg

Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам - Брэндон Кук жекпе-жегі аясындағы бокс кеші жалғасып жатыр, деп жазады Qamshy.kz.

10 раундтан тұратын төртінші жекпе-жекке 20 боксында 18 жеңісінің 7-сін нокаут жасаған америкалық Томас Джастин Берилл мен қандасымыз Әли Ахмедов шықты.

Барлық раундтарда жерлесіміз қарсыласынан басым түсті. Әли Ахмедов 6 раундта қарсыласын 2 рет құлатты. Томас та қаншама соққы алғанына қарамастан өзінің осал емес екенін көрсетті. 

Сағатбек Мұсақановтың шәкірті Әли Ахмедов Алматы обылысы Боралдай ауылының шәкірті. 2016 жылы Душанбеде Азия чемпионы атанған. Ол жақында ғана АҚШ-тың бұған дейін жеңілмеген Кертис Хиллды жеңіп, АҚШ-тың Остин қаласында жастар арасындағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған еді. Еске салсақ, ол өткен жылы 29 қазанда Алматыда өткен төртінші жекпе-жегінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Әли Әзірбайжандық қарсыласын еш қиындықсыз сұлатып салған болатын.

Айта кететін болсақ, кештің алғашқы жекпе-жегін Мейірім Нұрсұлтанов пен бразилиялық Исмаэль Буено бастап, кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін жеңіспен аяқтаған жерлесіміз алғашқы секундтарда-ақ, қарсыласын тықсырып тастады.

Екінші болып шаршы алаңға көтерген Димаш Ниязов Эдуардо Перейра дос Рейшпен қолғап түйістіріп, қарсыласын төрешілердің берген бағасы бойынша 2:1 ұпай санымен жеңді.

Үшінші болып шаршы алаңға Айдос Ербосынұлы мен Аргентиналық қарсыласы шыға сала қуалап жүріп сабады.

Анонс бере кетсек, Қыркүйек айында бүгінгі күннен бөлек қазақстандық жанкүйерлерді 16 қыркүйектегі Головкин мен Альварес арасындағы тағы бір жекпе-жек күтіп тұр. Бүгін екінші рет әке атанған 35 жастағы Головкин алдағы жекпе-жегінде WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарын қорғайды.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы 20 мың орындық T-Mobile аренасында 16 қыркүйек күні өтетін бокс кештің басты оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Астана уақытымен 17 қыркүйек, яғни жексенбінің таңында өтеді. Головкин – Альварес бокс кешін трансляциялауға құқық алған Qazaqstan мен QazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, Аталған бокс 130 елде көрсетіледі.

Қатысты Мақалалар