Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірден құлатты

/uploads/thumbnail/20170909201433217_small.jpg

Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам - Брэндон Кук жекпе-жегі аясындағы бокс кеші жалғасып жатыр, деп жазады Qamshy.kz.

Жеңіспен жалғасып жатқан бокс додасында бесінші болып алаңға Нұрсұлтан Жаңабаев пен Алекс Сандро Дуарте шықты. Жаңабаев шыға сала соққысының аса қуатты екенін байқатып, қарсыласын ұрып құлатты. Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы кездесуінде-ақ WBA чемпиондық белдіктерінің бірін иеленген. Ол бұл бокс кешіне Қанатпен бірге дайындалған.

Айта кететін болсақ, кештің алғашқы жекпе-жегін Мейірім Нұрсұлтанов пен бразилиялық Исмаэль Буено бастап, кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін жеңіспен аяқтаған жерлесіміз алғашқы секундтарда-ақ, қарсыласын тықсырып тастады.

Екінші болып шаршы алаңға көтерген Димаш Ниязов Эдуардо Перейра дос Рейшпен қолғап түйістіріп, қарсыласын төрешілердің берген бағасы бойынша 2:1 ұпай санымен жеңді.

Үшінші болып шаршы алаңға Айдос Ербосынұлы мен Аргентиналық қарсыласы шыға сала қуалап жүріп сабады.

10 раундтан тұратын төртінші жекпе-жекке 20 боксында 18 жеңісінің 7-сін нокаут жасаған америкалық Томас Джастин Берилл мен қандасымыз Әли Ахмедов шықты. Әли Ахмедов 8 раундта қарсыласын 2 рет құлатып, жеңіске жетті.

Анонс бере кетсек, Қыркүйек айында бүгінгі күннен бөлек қазақстандық жанкүйерлерді 16 қыркүйектегі Головкин мен Альварес арасындағы тағы бір жекпе-жек күтіп тұр. Бүгін екінші рет әке атанған 35 жастағы Головкин алдағы жекпе-жегінде WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарын қорғайды.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы 20 мың орындық T-Mobile аренасында 16 қыркүйек күні өтетін бокс кештің басты оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Астана уақытымен 17 қыркүйек, яғни жексенбінің таңында өтеді. Головкин – Альварес бокс кешін трансляциялауға құқық алған Qazaqstan мен QazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, Аталған бокс 130 елде көрсетіледі.

Қатысты Мақалалар