Бақытжан Сағынтаевтың Премьерлік қызметіне — 1 жыл!

/uploads/thumbnail/20170814174121741_small.jpg

Дәл бір жыл бұрын 2016 жылдың қыркүйектің 9-ында Қазақстанның 9-шы премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол премьердің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бақытжан Әбдірұлы ертеректе өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысы әкімі қызметтерін атқарған.

2012 жылғы қыркүйекте Бақытжан Сағынтаевқа билік партиясы «Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасары қызметі жүктелді. Ол бұл қызметті бір жылдан аса атқарды.

Атқарған қызметтерінде Сағынтаев өзін іскер, нәтижелі басшы ретінде тек жақсы жағынан ғана көрсете білді. Сағынтаев Үкімет басшысы болып тағайындалған кезден бастап, оған дейін болған жабық есік жағдайында өтетін үкімет отырыстары бірден ашық форматқа көшіп, әлеуметтік желідегі премьер-министрдің ресми парақшасынан тікелей эфирде үкімет отырыстары өткізіле бастады. Сағынтаев үкімет жұмысын ашықтыққа негізделген принциптермен басқарып келеді, премьердің бұл шешімі қоғам мен әлеуметтік желі пайдаланушылары тарапынан позитивті бағалануда.

Сағынтаевтың бір жылдық премьер қызметі елдің есінде оның «Жер комиссиясын» басқаруымен қалды. Жер комиссиясы қаншалықты нәтижелі қызмет етті? Елбасы тапсырмасына сәйкес Комиссия мүшелерінің Астанадағы 4 отырысы мен  Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстарында жергілікті тұрғындармен өткізілген кездесулердің нәтижесі мен ұсыныстар ескеріліп, сондай-ақ, жер реформасы бойынша бастамашыл азаматтармен талқылау жүргізуде сұрақтар мен ұсыныстардың қайталануы назарға алынды. Жер комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентіне қолданыстағы бір жылдық мораторий мерзімін 5 жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынып, президент бекітті.

Президент Назарбаевтың үкімет алдына қойған мақсат-міндеттерді Сағынтаев бастаған министрлер кабинетінің  әлеуметтік-экономикалық саясаты орындауға қаблетті. Кейбір бұрынғы үкімет басшылары қолданған популистік тәсілдерді шетке ысырып, нақты жұмыспен айналысып, экономиканы тұрақты ұстап тұруға бар күшін салуда.

Сағынтаев Премьер-министр болып тағайындалғаннан бастап елімізде әлеуметтік саси даулар саяси дағдарысқа ұласпағанын атап айту керек. Сағынтаев өзін тек нәтижелі менеджер ретінде ғана емес, саяси өресі жоғары мемлекетшіл тұлға, жұмсақ, либералды реформаторлардың жақтаушысы ретінде байқатты. Рухани жаңғыру идеясын жүзеге асыруда үкіметтің жұмысы ең ауқымды. Себебі экономикалық  жаңғыруды да, саяси шешімдерді қатесіз орындау да үкіметтің тікелей міндеті.

Сағынтаев үкіметі басқа үкіметтерден өзгерек. Оның тұсында Конституцияға реформалар жасалып, Үкімет құзыреті кеңейтілді.

Нұрғали Нұртай

 

Қатысты Мақалалар