Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам - Брэндон Кук жекпе-жегі аясындағы бокс кеші жалғасып жатыр, деп жазады Qamshy.kz.
Шаршы алаңның жетінші жұбы 2013 жылғы әлем чемпионы, Рио олимпиадасының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы мен Жильберто Перейра дос Сантос шықты. Алғашқы раундта 40 жастағы бразилиялық боксшы Жәнібектен біраз соққы жеді. Екінші раундта да Жәнібек қарсыласы шегінген сәтін тамаша пайдаланды. Бұл жолы Жәнібек өткен жылдың 29 қазанындағыдай емес 6 раундқа дейін созды. Қарсыласының айтарлықтай есеңгіреп қалғаны байқалды.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылдың 1-сәуірінде Алматы облысына қарасты Алакөл ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген. 8 жасынан бастап бокспен шұғылданады. Ол, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2013 жылғы Алматыда өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Инчхонадғы Азия ойындарының жеңімпазы, Амманда өткен Бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы.
Айта кететін болсақ, кештің алғашқы жекпе-жегін Мейірім Нұрсұлтанов пен бразилиялық Исмаэль Буено бастап, кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін жеңіспен аяқтаған жерлесіміз алғашқы секундтарда-ақ, қарсыласын тықсырып тастады.
Екінші болып шаршы алаңға көтерген Димаш Ниязов Эдуардо Перейра дос Рейшпен қолғап түйістіріп, қарсыласын төрешілердің берген бағасы бойынша 2:1 ұпай санымен жеңді.
Үшінші болып шаршы алаңға Айдос Ербосынұлы мен Аргентиналық қарсыласы шыға сала қуалап жүріп сабады.
10 раундтан тұратын төртінші жекпе-жекке 20 боксында 18 жеңісінің 7-сін нокаут жасаған америкалық Томас Джастин Берилл мен қандасымыз Әли Ахмедов шықты. Әли Ахмедов 8 раундта қарсыласын 2 рет құлатып, жеңіске жетті.
Қанат Исламмен бірге бір ай дайындалған Нұрсұлтан Жаңабаев шыға сала Алекс Сандро Дуартені ұрып құлатты. Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы кездесуінде-ақ WBA чемпиондық белдіктерінің бірін иеленген.
Алтыншы жекпе-жекте Руслан Мырсатаев пен Андрес Матиас Аффраниль шығып, қарсыласы Русланның соққысына шыдаймай 4 раундта соққыға шыдамай серейіп құлады.
Бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.
Анонс бере кетсек, Қыркүйек айында бүгінгі күннен бөлек қазақстандық жанкүйерлерді 16 қыркүйектегі Головкин мен Альварес арасындағы тағы бір жекпе-жек күтіп тұр. Бүгін екінші рет әке атанған 35 жастағы Головкин алдағы жекпе-жегінде WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарын қорғайды.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы 20 мың орындық T-Mobile аренасында 16 қыркүйек күні өтетін бокс кештің басты оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Астана уақытымен 17 қыркүйек, яғни жексенбінің таңында өтеді. Головкин – Альварес бокс кешін трансляциялауға құқық алған Qazaqstan мен QazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, Аталған бокс 130 елде көрсетіледі.