Қуат Хамитов: Жерлесіміздің кегін қайтарғым келеді

/uploads/thumbnail/20170910104615712_small.jpg

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов кешегі өткен жепе-жекте Арман Оспановтың  бразилиялық Тьяго Луис Бонифасио Силвадан  жеңіліп қалғанына ашулы, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Екі апта бұрын жергілікті ұйымдастырушылар маған Қазақстанда айқас өткізуді ұсынған болатын. Мен оған аса қызықпап едім, алайда  бразилиялықтың бүгінгі жеңісінен кейін қызыға бастадым және жерлесіміздің кегін қайтаруды қалаймын! Жеңіл салмақтағы Қытайдың үздік аралас жекпе-жек шеберінің айқасын көрсететін уақыт жетті! Ұйымдастырушылар, осы жекпе-жекті ұйымдастырыңыздар!» - деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кететін болсақ, Арман Оспанов кеше Алматыда өткен ММА Absolute Championship Berkut 69 жекпе-жек кешінде бразилиялық Силвадан жеңіліп қалған еді. Бұл Арманның өз мансабындағы алғашқы жеңілісі болып саналады.

Қатысты Мақалалар