Мексикадағы жер сілкінісінің салдарынан 65 адам құрбан болды

/uploads/thumbnail/20170910112412602_small.jpg

Мексикадағы жер сілкісінің кесірінен  65 адам құрбан болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Мамандар адамдарды іздестіруді әлі де жалғастырып жатыр. Ресми дерек бойынша, 200 адам түрлі жарақат алған. Мемлекет басшысы Энрике Пенья-Ньето аза тұту күнін жариялады.

Қазіргі кезде құтқарушылар Табаско, Оахака мен Чьяпас штаттарында шоғырланып, халыққа көмек көрсетуде.

Айта кететін болсақ, жер сілкінісі Мексиканың ең кедей аудандарында болған.

Қатысты Мақалалар