Саакашвили жақтастары шекараны бұзып, оны Украинаға кіргізді (видео)

/uploads/thumbnail/20170911095203461_small.jpg

«Шегини»-дің бақылау пунктінде Одесса әкімшілігінің бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилидің жақтастары кеденшілердің кордондарын бұзып, Украина шекарасына дейін шығарып салды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осы оқиғаны Артем Кравченко видеоға түсіріп, YouTube-қа жүктеді.

Украиндық азаматтықтан айрылған Саакашвили Украинаға "Краковец" пункті арқылы өтпекші болған. Оның жақтастары аталмыш пункте шатырлы қалашық жасаған.

Саакашвили "Интерсити"-ге баратынын мәлімдеді. Пойыз 14.07-де жүруі керек еді. Алайда әлі орнынан да қозғалмады.

Саакашвили Украина президенті Петр Порошенконың "Укрзалізниці" басшысына пойызды тоқтатуға бұйрық бергенін айтты.

Кейінірек Саакашвилидің шекараны "Краковец" пунктінен емес, "Шегини" арқылы өтетіні белгілі болды. Алайда Украина шекара бекеті Саакашвилиді өткізбеді.

 

Қатысты Мақалалар