КХДР СІМ АҚШ тарапынан болып жатқан санкциялар мен қысымдарды мүлдем негізсіз деп айыптап, мұны тоқтатпаған жағдайда АҚШ-қа қарсы бұрын соңды көрмеген қатаң шаралар қабылдауға дайын екендігін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында дүйсенбі күні КХДР Орталық телеграф агенттігіне мәлімдеді.
«КХДР-ның тәуелсіздігі мен толық құқығын шектеуге бағытталған АҚШ-тың санкциялары мен қысымдары тым шектен шығып барады. АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік қызметі көмегімен КХДР-ға қарсы сутегі зарядын сынақтан өткізу мәселесі бойынша ең қатаң санкцияларды дайындамақ. КХДР-ның сутегі заряды континентаралық баллистикалық зымырандармен жабдықталуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Солтүстік Корея СІМ айтуынша, қуатты термоядролық қару АҚШ тарапынан төнетін қауіп-қатер мен түрлі қысымдарға қарсы тұру мақсатында жасалған.
«КХДР АҚШ-ты қатаң бақылауда ұстап отыр. Солтүстік Корея кез келген қатаң шараларды қолдануға дайын. Өз кезегінде, КХДР қандай да бір қадамға барып, қатаң шара қолданатын болса АҚШ-ты өмірде көрмеген қайғы-қасіретке душар етеді. Ол іске бүкіл әлем куә болады», - дейді КХДР СІМ.
Сонымен қатар, СІМ хабарлауынша, АҚШ түрлі ескертулерге мән бермей, КХДР-ға қарсы өзінің саяси-экономикалық соғысын тоқтатпаса, олар толықтай жойылып кету қауіпін сейілте ешқашан алмайды.