Флорида штатында 3 млн. астам обьект Ирма дауылының кесірінен жарықсыз қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Осыған дейін жарықсыз қалған адамдардың саны 2 млн. жуық деп хабарланған болатын. Қазіргі кезде компания қызметкерлері мүмкіндік болған кезде, 16 мыңнан астам қызметкерлер жарықты қайтадан қалпына келтіруге тырысатынын жеткізді.
Сарапшылардың айтуы бойынша, Ирма дауылының қауіптілік деңгейі төмендеген. Дауылдың орташа жылдамдығы сағатына 110 шақырымға дейін төмендепті.
Алайда билік өкілдерінің болжамы бойынша, 30 млн. астам адамға қауіп төніп тұр. Флорида штатындағы 6,3 млн. адам эвакуцияландырылды.