Ақмола горнизонының әскери соты 2017 жылы 24 тамызда Нартай Дүтбаев пен басқа адамдарға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот отырысы жабық түрде өтті.
Сот үкіміне қатысты, Нартай Дүтбаевқа ҚР ҚК 172 бабы бойынша, өзінің қызметін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпияларды жария етті деген айып тағылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды. Сонымен қатар, Нартай Дүтбаевты мемлекеттік наградалары мен «генерал-лейтенант» атағынан айыруға үкім шығарылды.
Мұратов Р. Ж. осы қылмыстарға қатысы бар деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы мен өмір бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Хасен Н. Б. өз қызметін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпияларды жария етті деп айыпталып, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жайлы үкім шығарылды. Сонымен қатар, мемлекеттік наградалары мен өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырылды.
Нұртаев Е. С. Мемлекеттік құпияларды жария етуге көмектесті деп айыпталып, 3 жыл 6 жылға қамалды және де ол да өмірінің оңына дейін мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетер болсақ, Нартай Дүтбаев Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы 2016 жылдың 26 желтоқсанында қамауға алынған болатын.