Украина азаматтығынан айырылған Михаил Саакашвили 10 қыркүйекте Украинаға қайтып келмек болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі gordonua.com-ға сілтеме жасап. Бастапқы кезде ол Украинаға "Интерсити" пойызы арқылы өтпек болған. Бірақ пойызды тоқтатып тастады. Осыдан кейін саясаткермен оның командасы Польша шекарасында екенін және "Краковец" пунктіне баратынын хабарлады. Алайда "Шегини" пунктіне барған.
Украина жағы шекараны жауып тастады. Осыдан кейін Саакашвилидің жақтастары кеденшілердің картонын бұзып, Саакашвилиді Украина шекарасына шығарып салды. Саясаткер Львовқа келді.








