11 қыркүейкте болған теракт қарапайым америкалықтардың ғана өмірін өзгертекен жоқ. Сол күнгі қанды акцияның үрейлі дыбысы әлі күнге дейін тұрғындардың құлағында. Алайда, 11 қыркүейк күні орын алған жағдайға байланысты сұрақтар әлі де таусылар емес.
Әуежайлар мен сауатсыз ұшқыштардың қауіпсіздігі

Болжамды террористердің жеке басын сараптамадан өткізген соң лайнерді басып алудың сызбасы мен Бүкіләлемдік сауда орталығы құлағанынан кейін қалған қалдықтарына мән беріп АҚШ көлік қауіпсіздігі мемлекеттік қызметі АҚШ-та көлік тасымалдау үшін іс жүзінде ешқандай қауіпсіздік ережелерінің сақталмағанын білді. Әуежайлардағы қатаң ережелер АҚШ-та 2011 жылы 11 қыркүйектегі апаттан бұрын енгізілген. Алайда ол ережелер апаттың орын алуына бөгет келтірген жоқ. Қорғаныстың бірніші шекарасы террористердің жолына SAB қызметкерлері тосқауыл болуы керек еді, алайда сыртқы көмек арқылы ешқандай қиындықсыз қаруыл террористер бортқа көтерілген.

Америкалық қызметкерлердің мәліметінше, терактіні орындауда 19 террорист жұмылдырылған. Барымташылардың да рөлі айқын болған – бірі экипаж мүшелерін бейтараптандырса, екіншісі жолаушыларды ұстады.
Одан бөлек 11 қыркүйектегі шабуыл барысында лайнерді басқарумен айналысқан террористердің үшінші тобы мұқият зерттелді.

Лайнерді басқарушылардың қатарында Сауд Арабиясының азаматы Хани Ханжур болды. Өзге де саудиялық жігіттер секілді Хани Аризона штатындағы Скоттсдейл қаласында орналасқан жазғы мектепте жаттығудан өтті. Алайда, жазғы мектеп әкімшілігінің мәліметінше, Ханжур нашар ұшқыш болған. Ол бірмоторлы «Сессна» ұшағының өзіне ие бола алмаған, жаттығуларға да селқос қарайтын. Жазғы дайындау орталығының басшысы Дункан Хейсти бір сұхбатында Ханжурдың жалқау болғанын, әрі ұшақ басқаруға лицензияның не себепті керек екенін өзі түсінбегенін айтты.
Хейсти Ханжурдың тіпті қарапайым ұшақты игере алмағанын бірнеше мәрте қайталаған, сол себепті Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік сауда орталығында болған апатты теориялық тұрғыдан жоспарлай алмаған. Хейсти мен азаматтық авиация ұшқыштары еш қабілеті жоқ Ханжурдың ұшақты басқаруы мүмкін емес екенін бірнеше мәрте қайталаған. Жоғары біліктіліктек бөлен, лайнерді басқаратын әр ұшқыш міндетті түрде ағылшын тілін меңгерген болу керек. Болжамды түрдегі террорист ағылшын тілін де дұрыс меңгергемеген болып шықты.

Зерттеушілер мен тарихшылар өзге де ілікті тапқан. АҚШ-та 11 қыркүйекте «Қырағы бақылау» бірлескен командалық-штаттық оқу-жаттығулары басталған. Мақсаты террористер тобы тарапынан азаматтық әуе кемелерін ұрлау. Әуе қауіпсіздігі аймағының сарапшыларының айтуынша, Солтүстік Америка Біріккен Әуе қорғанысы көшбасшылығының офицері Доун Дескинс АҚШ Қарулы күштерінің шын мәнісінде оқу жаттығуларына ма, әлде террористік шабуылға қатысы бар ма, соңына дейін анықтай алмаған. Айта кететін тағы бір жайт, 11 қыркүейк күні таңғы уақытта төрт әскери-тактикалық іс-шара өткізілді. Соның кесірінен ұшақтарды жаншу, бірден іске кірісіп кету мүмкін болмаған.
Аталмыш жағдайлар 11 қыркүйекте орын алған террористік шабуылға қатысты ақиқаттың бір бөлігі ғана. Әлі де талай шындықтың беті ашылары анық.


