Мексикада зілзала салдарынан қаза болғандардың саны 95 адамға жетті

/uploads/thumbnail/20170912082053262_small.jpg

Мексикада зілзала салдарынан қаза болғандардың саны 95 адамға жетті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі El Mundo мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Табиғи апаттан елдің оңтүстігіндегі Оахака штаты аса қатты жапа шеккен. Марқұмдардың көпшілігі осы өңірдің тұрғындары. Осы штат басшысы Алехандро Мураттың айтуынша, Оахакада 76 адам мерт болды. Чьяпаста 15 адам, Табаско штатында 4 адам қаза болды. Еске сала кетейік, 8 қыркүйекте Мексикаға жақын жерде 8 балдық жер сілкінісі тіркелді. 

Қатысты Мақалалар