Трамп тағы ақталды: Ресей маған көмектескен жоқ!

/uploads/thumbnail/20170823084651303_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылы Америкада өткен президенттік сайлауға Ресейдің қатысы жоқ екенін тағы қайталап айтты.

«Сіздерге қызық болса, айтайын... Ресей маған қолдау көрсеткен жоқ, көмектеспеді де... Демократтарға бір түсініктеме беру керек болды, сол себепіт олар Ресейді атады. Бұл жалған ақпарат. Мен Пенсильваниядан орыстарды байқаған жоқпын», - деді Трамп Алабамада айтқан мәлімдемесінде.

FBR мен конгресс АҚШ-та өткен сайлауға Ресейдің қатысы бар-жоғын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастаған еді. Сондай-ақ Дональд Трамптың ресейлік кәсіпкерлер мен шенеуніктермен байланысы да анықталатын болады. Өз кезегінде Мәскеу да аталмыш айыптауларды жоққа шығарған.

Қатысты Мақалалар