Астанада полициялар 8 қабаттан секірмек болған қызды құтқарды (фото)

/uploads/thumbnail/20170923183135333_small.jpg

Астанада учаскелік полицейлер «Столичный» тұрғын үй кешенінде 8 қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері учаскені аралау кезінде бір қызды көріп қалған. Ол 8-қабаттың балконда тұрып, секірмек болған.  Полиция аға лейтенанты Темірхан Қайырбеков пен полиция капитаны Асқар Папышев еш уақыт жоғалтпастан тездете 8-қабатқа көтеріліп,  балконның шетіне таяп қалған қызды ұстап үлгереді»,-делінген хабарламада. 

28 жастағы қыздың түсіндіруінше, ол өзінің жігітімен ұрысып қалыпты. Полицияның дерегіне қарағанда, қазіргі уақытта оған  психологиялық тұрғыда көмек көрсетіліп жатыр.

Қатысты Мақалалар