Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде Кэмри Максиді жеңген Балауса Мұздиман өз әсерімен бөлісті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qsport.kz порталына сілтеме жасай отырып.
АҚШ-тың Монро қаласында өткізген жекпе-жегінде отандасымыз қарсыласын алғашқы раундта-ақ соққыларының астына алып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.
«Кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіме осылай жеткеніме өте қуаныштымын. Америкалық боксшы қызды өте мықты деп ойлағанмын, алайда бірінші раундта нокдаунға түскеннен кейін, қарсыласым жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты. Жекпе-жек Америкада болғандықтан, қарсыласым оңайлықпен беріледі деп ойламадым. Аллаға шүкір, Қазақ еліне әлі талай жеңістер сыйлаймын деп ойлаймын», – дейді Балауса.
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионы Балауса Мұздиман жақында кәсіпқой боксқа ауысқанын хабарлаған болатын, бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіндегі жеңісі.
Пікір қалдыру