Елбасы Алматы халықаралық әуежайының даму жоспарымен танысты

/uploads/thumbnail/20170924184027837_small.jpg

Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Елбасыға халықаралық әуежайдың қазіргі жағдайы жөнінде баяндалып, оны одан әрі дамыту жоспары ұсынылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті әуежайды кешенді жаңғырту аясында жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, оларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кететін болсақ, Елбасы 19 қыркүйек күні Алматыға жұмыс сапарымен келген болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар