Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
Тек оңтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Жамбыл облысында түнде кей жерлерінде тұман, желдің 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауылмен қатар желдің екпіні 15-20, күшейіп 25 м/с дейін жетуі мүмкін.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Атырау облысында екпіні 25 м/с дейін жетеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градусқа дейін суытады.