Apple компаниясы бір аптаның ішінде 43 млрд. доллар шығынға ұшырады

/uploads/thumbnail/20170925085828451_small.jpg

Бір апта ішінде Apple 43 млрд. доллар шығынға ұшырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.

 Жақында ғана Apple компаниясы жарыққа жаңа Iphone 8 бен Iphone Х смартфонын шығарып, әлемді аузына қаратқан болатын. Өкінішке орай соңғы бір апта ішінде Apple 43 млрд. доллар шығынға ұшырады.

Бұл соңғы 17 ай ішінде болмаған құлдырау болып тіркелді.

Тағы бір себеп Iphone 8 бен Iphone 8 Plus смартфондарының кейбір әлсіз тұстары мен тұтынушылардың азайып кетуі. Оған смартфонның жаңа нұсқасының «Iphone 7-ден» көп айырмашылығының болмауы әсер еткен. Адамдар аз ғана айырмашылығы бар нұсқа үшін қыруар ақша шығындағысы келмеген көрінеді. Осы факторлардың әсерінен алдымыздағы жұма күні ғана Apple нарығы 1.6%-ға құлдырады.

Қатысты Мақалалар