Неймардың «ПСЖ» клубынан алатын жалақысы белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170925100301007_small.jpg

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар «Пари Сен-Жермен» командасында айына 3 миллион евродан аса жалақы алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі rsport.ria.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Неймар айына  3 069 520 евро, ал бір жылға шаққанда 37 миллион евро жалақы алады. Оның үстіне арнайы сыйақылармен оның табысы 57 миллион евроға дейін жетеді.

Айта кетейік, Неймар 4 тамыз күні ресми түрде «Барселонадан» «ПСЖ» клубына ауысқан болатын. Париждік ұжым бразилиялық футбол үшін 222 миллион евроға шығындалған.  25 жастағы жартылай қорғаушының «ПСЖ» клубына ауысуы футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болып тіркелді. 

Қатысты Мақалалар