Автобус кондукторы жолақысын төлеуге 10 теңгесі жетпей тұрған оқушыны автобустан шығармай қойған, деп хабарлайды хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мой город-қа сілтеме жасай отырып.
Оқушы мектептен шығып №12 автобусқа отырады. Анасы оны аялдамада қарсы алмақ болады, бірақ бала келмейді, ұялы телефоны сөндірулі болады.
Екі сағаттан соң белгілі болғандай, жолақысын төлеуге оқушының 10 теңгесі жетпей, кондуктор баланы автобустан шығармай қойған. Баланың отбасының таныстары автобусқа кіріп, жетпеген ақшаны төлеген соң ғана оқушыны босатқан.Автобус кондукторы баланың ата-анасынан кешірім сұрамаған екен.