Пәкістанның экс-премьері Наваз Шариф сотқа тартылды

/uploads/thumbnail/20170926162435641_small.jpg

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі, жемқорлық бойынша айыпталған Наваз Шариф 26 қыркүйекте сотқа тартылды.  28 шілдеде қаржылық активтерін тергеу барысында Жоғарғы соттың шешімімен Шариф премьер лауазымынан босатылған. Содан бері бүгін бірінші рет сот алдына кеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сотқа бір күн қалғанда Шариф Лондоннан келген. Ол жерде әйелін емдеткені анықталды. Сот залына кірген бойда экс-премьердің жақтаушылары қошемет көретіп, ұрандата жөнелді.

Сот Шарифтің ұлдары және қызы мен күйеу баласын аптаның аяғына дейін сот алдына келуге бұйырды.

Пәкістан антикоррупциялық әкімшілігінің арызы бойынша 2 қазанда Шарифке үш жемқорлық іс бойынша айып тағылады деп күтілуде.

Үш рет премьер-министр болған Шарифке, сондай-ақ оның үш баласына қатысты айыптаулар экс-премьердің  1990 жылдары билікте болған кезімен байланысты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар