Филиппин аралынан белгісіз тіршілік иесі табылды (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170927110401974_small.jpg

Ғылымда белгісіз тіршілік иесі Филиппин аралына жақын маңда орналасқан Маасин қаласының бір ауданына тұрғындар тауып алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Metro сайтына сілтеме жасай отырып.

Белгісіз тіршілік иесінің ұзындығы 10 метрді құрайды. Жергілікті мамандар бұл жануардың қай түріне жататындығын және қандай тіршілік иесі екендігін анықтай алмаған. Су ресурстары мен балық аулау бюросының қкілі Джулиуса Альпиноның айтуынша, бұл тіршілік иесін киттің бір түріне жатқызуға болады, алайда ешқандай дәлелдер жоқ.

Белгісіз тіршілік иесін фото мен видеоға түсіріп алған куәгер мұндай жануарды өмірінде алғаш рет көргендігін айтты.  «Ол өте үлкен болды, ал иісіне шыдау мүмкін емес. Мұндайды тіршілік иесін алғаш рет көруім», - дейді 42 жастағы ер адам.

Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, бұл жануардың иісі тұрғындар үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан да құбыжықтың денесін көлге жерлеуге шешім шығарды.

Қатысты Мақалалар