Ресейде қазақты белгісіз ер адам айуандықпен пышақтап кеткен

/uploads/thumbnail/20170927104737583_small.png

Полицейлер күдіктіні ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sarinform.ru-ға сілтеме жасап. Саратовтың Фрунзе ауданында ер адамды пышақтап кеткен. Ол қазір ауруханада.

Саратов облысының ІІМ мемлекеттік басқарманың баспасөз қызметі 24 қыркүйекте 44 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Оның ішіне және кеудесіне бірнеше мәрте пышақ сұғылған. Жәбірленуші оны Яблочкова  көшесінде белгісіз ер адам пышақтап кеткенін айтқан.  

Бірнеше уақыттан кейін полицейлер 47 жастағы күдіктіні ұстады. Оның үстінен денсаулыққа қасақана зиян тигізу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қатысты Мақалалар