Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.
Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.
Бұқаралықақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» ашық шығармашылық конкурсының ережесі төмендегідей.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры баспа, электрондықжәне аудиовизуалдықбұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі -БАҚ)қызметкерлерініңарасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс (бұдан әрі -конкурс) жариялайды.
1.2. Конкурстыңтақырыбы«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
1.3. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
- қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі «Назарбаев моделін»,Елбасыныңидеялары мен бастамаларын дәріптеу;
- еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерінақпараттық-имидждік тұрғыда жария ету;
- баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдандамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;
- журналистік қоғамдастықтакелешегі бар жаңа есімдерді анықтау;
- Елбасы кітапханасыныңмұрағат, кітапхана және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.
1.4. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Үздік телевизиялық материал»(жаңалық бейнесюжеті, телеочерк, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір білдіру, деректі фильм);
2) «Үздік радиоматериал»(радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»(мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);
4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»(ақпараттық хабарлама, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат, шолу, эссе, очерк, рецензия).
1.5. Конкурстың өткізілуі туралы барлық ақпарат ұйымдастырушылардың www.presidentlibrary.kz, http://www.presidentfoundation.kzсайттарында жарияланады.
1.6. Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың www.presidentlibrary.kz сайтында және YouTUBE порталында (арна: ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы) Елбасының кітапханасындағы құжаттар мен экспонаттар туралыбейнематериалдар орналастырылған.
- НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША СЫЙАҚЫ КӨЛЕМІ
2.1. Конкурстың сыйақы қоры 6 800 000теңгені құрайды және номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:
«Үздік телевизиялық материал»
1 орын –1 000 000 теңге;
2 орын –500 000 теңге;
3 орын – 200 000 теңге.
«Үздік радиоматериал»
1 орын –1 000 000 теңге;
2 орын –500 000 теңге;
3 орын –200 000 теңге.
«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»
1 орын –1 000 000 теңге;
2 орын –500 000 теңге;
3 орын –200 000 теңге.
«Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»
1 орын –1000 000 теңге;
2 орын –500 000 теңге;
3 орын –200 000 теңге.
2.2. Жүлделі орындарды иеленгенконкурсанттарға арнайы төсбелгілер, дипломдар, куәліктер, ақшалай сертификаттар мен ақшалай сыйақыларберіледі.
- КОНКУРС МЕРЗІМІ МЕН ШАРТТАРЫ
3.1. Конкурсқа2017 жылғы 1 қаңтар мен 10 қазан аралығында ресми жарияланған (жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
3.2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер2017 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мынамекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10, 213 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы»конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75 12 15, 8701 355 13 63 WhatsApp).
3.3. Конкурсқа қатысу үшінҚосымшаға сәйкес рәсімделген өтінім-сауалнамажәне конкурстық жұмыс негіздеме болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс орнынан БАҚ басшысы растағананықтама талап етіледі.
3.4. Конкурсқа 50 жасқа дейінгіжеке және ұжымдық авторлар қатыса алады. Жеке немесе ұжымдық автор тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы. Конкурсқа бір автордан (авторлар ұжымынан) тек 3 жұмыс қабылданады. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.
3.5. Автор (авторлар ұжымы) өтінімге қол қоя отырып, Конкурс ұйымдастырушыларынаКонкурсқаұсынған жұмыстарын БАҚ орналастыруға автоматты түрде келісімін береді.
3.6. Конкурстық жұмыстардыұсынуүлгісі:
- телевизиялық өнім-ғаламтордағы сілтемелерікөрсетілген дискідегі бейнесюжет;
- радиохабарөнімі-дискідегі аудиожазба және трансляциялау фактісін растайтын құжат;
- мерзімді баспасөз өнімі- ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген мақаланың сканерленген электрондық данасы;
- БАҚ ғаламторындағы өнім -ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген «Word» форматындағыжарияланымның электрондық нұсқасы.
3.7. Конкурстық жұмыстардың көлемі:
- бейнематериалдар-30 минутқа дейін;
- радиоматериалдар-30 минутқа дейін;
- газет-журнал мақалалары -таңба саны шектеусіз;
- Ғаламтор-БАҚ-тағы жарияланымдар-таңба саны шектеусіз.
3.8. Конкурстықжұмыстарды бағалау өлшемдері (10 баллдық шкала бойынша):
- шығармашылық жаңашылдығы және идеяның ерекшелігі;
- жұмыс мазмұнының тереңдігі;
- орындаудыңтехникалық деңгейі (оның ішіндеинфографика, 3D-графика және т. б. пайдалану деңгейі,);
- жалпы эстетикалық және эмоциялық қабылдау.
3.9. Конкурстың жұмыс тілдері- қазақ, орыс тілдері.
3.10. Автор (авторлар ұжымы) Конкурстықжұмыстыңмазмұны мен авторлығының дұрыстығы үшін жауап береді.
3.11. Жарнамалық сипаттағы жұмыс Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
3.12.Конкурсұйымдастырушылары қажет болған жағдайда қатысушыдан қосымша мәліметтерді, материалдың сәйкестігін, оның шығу мерзімін,авторлығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
3.13.Конкурс ұйымдастырушылары жекелеген номинациялар мен орындар бойынша сыйлықтар бермеу құқығын,сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлуқұқығын өзіне қалдырады.
3.14.Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
- КОНКУРСҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ
4.1.КонкурсқорытындысынКонкурстықкомиссияшығарады.
4.2. Конкурс өтінімдері2017 жылғы1 маусым мен 10 қазанғадейін қабылданады.
4.3. Конкурстық жұмыстарды іріктеу және қорытындылау2017 жылғы25 қарашағадейін өткізіледі.
4.4. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2017 жылғы 1-15 желтоқсан аралығындаөтеді.