Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20170822084853850_small.jpg

Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

28 қыркүйекте күндіз, 29 қыркүйекте түнде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады). 28-29 қыркүйекте тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі сақталады. 29-30 қыркүйекте түнде ауа температурасы кей жерлерде 3 градус аязға төмендуі күтіледі.

29-30 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының кей жерлерде ауа температурасы 3 градус аязға төмендуі күтіледі.

29 қыркүйекте Жамбыл облысында, 29 қыркүйек тәулік бойы, түнде 30 қыркүйекте Алматы облысында жауын-шашын күтіледі  (жаңбыр сулы қарға ауысады), оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде 30 қыркүйек - 1 қазанда ауа температурасы 1-6 градус аязға дейін төмендейді. 

29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады), кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20, екпіні

23-28 м/с.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90%.

Қатысты Мақалалар