Ұлыбританияда құлақсыз, шашы қалың сәби дүниеге келді (видео)

/uploads/thumbnail/20170928095302576_small.jpg

Ұлыбританияда бір құлағы жоқ, шашы қалың сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Dni.ru сайтына сілтеме жасап.

Сәбидің ата-анасы британдық Фарнворт қаласында тұрады. Кішкентай сәби де сол жерде дүниеге келген. Жаңадан туылған сәби ата-анасы мен перзентхана қызметкерлерін таңқалдырған: оның шашы туылған сәттен бастап ерекше қалың болыпты.

Қыздың есімін Пикси Роуз деп қойған. Дженнифер Мастер есімді жас ана қызының ерекше қалың шашына таңқалғанын жасырмады. «Менің қуанышымда шек жоқ. Менің Райан және Келси есімді екі баламның да шаштары қалың болып туылған, алайда Пикси бәрінен де асып түсті», - дейді Дженнифер.

Сонымен қатар, Пиксиге дәрігерлер микротия деген диагноз қойған, яғни сәбидің оң құлағы туа біткеннен дұрыс дамымайды. Кішкентай Пикси оң құлағымен дауыстарды ести алмайды. Алайда Пиксидің анасына бұл диагноз шашына күтім жасауына ешқандай да кедергі келтіре алмайды.

«Маған дәрігерлер оның шашы қалың болғандықтан, оң құлағынының жоқтығын байқатпай, жауып жүруге де болатындығын айтты. Алайда, мен олай істемеймін. Бұл – менің қызымның өзіндік ерекшелігі. Бүкіл әлем оған қарсы тұрса да, мен қызымның ешбір жерін өзгерткім келмейді», - дейді Дженнифер Мастер.

Қатысты Мақалалар